Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Сарқан ауданының әкімдігі

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын

    қазақстандықтардың саны артып келеді

    Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететін ұзақ мерзімді қаржылық капиталы ретінде қабылдайтын азаматтар саны көбеюде. Бұған зейнетақы жинақтары көлемінің серпінді өсуі, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (ЖЗЖ) қамту ауқымының кеңеюі, зейнетақы жарналарын тұрақты төлейтін азаматтар санының артуы дәлел.

    Зейнетақы шоттары мен ондағы жинақтардың өсуі

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 4,08 трлн теңгеге немесе 17,0%-ға өсті.

    ЖЗЖ дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты өсуі. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты ашылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,11 млн немесе 6,3%-ға көп. Олардың ішінде салымшылардың (алушылардың) 12,80 млн жеке зейнетақы шоты бар. Оның ішінде 11,36 млн шот – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 786,27 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 462,40 мың шот – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ашылған. Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша келіп түскен мәліметтер есепке алынатын 5,97 млн шартты зейнетақы шоты ашылған.

    Шоттар мен жинақтар туралы барлық ақпарат ашық әрі азаматтарға тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді. Оны БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке үзінді көшірмеден, сондай-ақ БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінен алуға болады.

    Халықтың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін қалай бағалаған жөн?

    Азаматтардың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін бағалау кезінде бірқатар маңызды жайттарды ескеру қажет. МЗЖ есепке алынатын шоттардың жалпы санына (11,36 млн) объективті себептерге байланысты жарналар түспейтін шоттар да кіреді. Оларға азаматтардың мынадай санаттары жатады:

    • зейнет жасына жетіп, зейнетақы төлемдерін алып жүрген және еңбек қызметін әрі қарай жалғастырып, табысы болған жағдайда да зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған зейнеткерлер;
    • мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектігі белгіленген адамдар;
    • 2016 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшірілген әскери қызметшілер;
    • елден тыс жерлерге тұрақты тұруға көшіп кеткен, бірақ зейнетақы жинақтарын алуға жүгінбеген салымшылар;
    • қайтыс болған, ал мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік рәсімін әлі ресімдемеген салымшылар;
    • Қазақстан заңнамасына сәйкес шоттарына зейнетақы жарналары түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттары.

    Сонымен қатар, әр адамның өмірінде зейнетақы жарналары төленуі тиіс табысы болмайтын объективті жағдайлар кездеседі. Оларға мыналар жатады:

    • оқу орындарында білім алу;
    • әскери қызмет өткеру;
    • балаға және туыстарына күтім жасау;
    • жұмыс іздеу және жұмыс ауыстыру кезеңдері;
    • шетелде жұмыс істеу;
    • жұмыстың маусымдық сипатына байланысты үзілістер;
    • күнтізбелік жыл ішінде табысы тұрақты түрде түспейтін жұмысты атқару;
    • ұзақ уақыт емделуге және оңалтуға байланысты кезеңдер.

    Сондықтан халықаралық тәжірибеде халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартылуын бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған әрі неғұрлым объективті көрсеткіштері ретінде табыс алатын азаматтардың саны және сәйкесінше жыл ішінде кемінде бір жарна түскен белсенді жеке зейнетақы шоттарының саны қарастырылады.

    Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай шоттардың саны 7,20 млн-нан 7,34 млн-ға дейін, яғни 150,3 мың шотқа артты. Сәйкесінше, бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының көлемі де өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың көлемі 20,95 трлн теңгеден 22,24 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен 1,29 трлн теңгеге немесе 6,2%-ға ұлғайды.

    Белсенді шоттардың негізгі бөлігі тұрақты еңбек қызметін жүзеге асыратын және МЗЖ-ны жүйелі түрде төлейтін азаматтарға тиесілі. Олардың саны алты ай ішінде 6,77 млн-нан 6,93 млн-ға дейін өсті, ал осы шоттардағы жинақтар 20,10 трлн теңгеден 21,07 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

    Зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақтылығы мен толықтығы

    ЖЗЖ-ға қатысу ұзақтығынан бөлек, жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – жарналарды тұрақты әрі толық көлемде төлеу.

    Қазақстанда бір жыл ішіндегі МЗЖ төлеудің орташа тұрақтылық көрсеткіші біртіндеп өсіп келеді:

    - жалдамалы қызметкерлер арасында бұл көрсеткіш 2024 жылғы 8,95 жарнадан 2025 жылы 8,98 жарнаға дейін өсті;

    - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 7,36-дан 7,53 жарнаға дейін артты.

    Бұл ретте 2025 жылы жалдамалы қызметкерлердің 80%-ы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 64%-ы зейнетақы жарналарын жылына 6-дан 12 ретке дейін аударған.

    2025 жылы жарналардың орташа мөлшері жалдамалы қызметкерлер арасында 43 661 теңгені құрады. Бұл республика бойынша орташа жалақы деңгейіндегі табыстан төленетін жарна мөлшерімен үйлеседі. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында бұл көрсеткіш 23 225 теңге болды, бұл ең төменгі жалақыдан жоғары, алайда медиандық жалақыдан төмен табыстан төленетін жарнаны көрсетеді.

    Ұзақ мерзімді динамика да халықты ЖЗЖ-мен қамту деңгейінің және МЗЖ төлеу тәртібінің біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2015 жылы МЗЖ есепке алынатын белсенді шоттардың саны 6,07 млн болса, 2025 жылы олардың саны 7,20 млн-нан асты. Жарналарды жылына 6-дан 12 ретке дейін төлейтін азаматтардың үлесі 2015 жылғы 71%-дан 2025 жылы 78%-ға дейін өсті. Тиісінше, жарналарды жүйелі түрде емес, яғни жылына 1-ден 5 ретке дейін аударатын азаматтардың үлесі 29%-дан 22%-ға дейін төмендеді.

    Зейнетақы жарналарының салымшылар табысының деңгейіне тәуелділігі

    Салымшылардың табыс деңгейіне қарай МЗЖ есепке алынатын белсенді жеке шоттардың құрылымында да оң өзгерістер байқалады.

    2025 жылдың қорытындысы бойынша (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай) ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) төмен табыстан жарна төленетін шоттардың үлесі 12%-дан 9%-ға дейін қысқарды. Мұндай шоттардың саны 838,3 мыңнан 652,4 мыңға дейін, яғни 22,2%-ға азайды. Олардың қатарына жұмыс күні толық емес немесе ауысымдық жұмыспен қамтылған салымшылар жатады.

    Сонымен бірге жоғары мөлшердегі табыстан жарна түсетін шоттардың да саны артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша медиандық жалақыдан орташа айлық жалақыға дейінгі аралықтағы табысы бар белсенді шоттардың үлесі 44%-дан (2025 жылғы 1 қаңтардағы) 45%-ға (2026 жылғы 1 қаңтарда) дейін өсті. Ал мұндай белсенді шоттардың саны 3,17 млн-нан 3,28 млн-ға дейін артты.

    Бұл динамика ресми жұмыспен қамту және табыстың өсуін ғана емес, азаматтардың өз табыстарынан жарналарды ашық әрі толық көлемде төлеу арқылы қалыптастыруға ұмтылысын да көрсетеді.

    2025 жылдың қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің жүйемен қамтылу деңгейі 91%-ға жетті. Бұл олардың толық дерлік қамтылғанын және зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы белсенділіктерін көрсетеді.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында қамту деңгейі төменірек. Осыған байланысты халықаралық оң тәжірибені ескере отырып, оларды зейнетақы жүйесіне тарту бойынша кешенді шараларды іске асыру қажет. Бұл аса маңызды, өйткені базалық зейнетақы мөлшері де еңбек өтіліне байланысты. Ал еңбек өтілі БЖЗҚ-ға МЗЖ-ның ай сайын түсуі негізінде айқындалады.

    Осылайша, қазіргі жағдайда зейнетақы жинақтарын қалыптастыру зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі табысты қамтамасыз ету тетігі ғана емес, сонымен қатар қоғамның қаржылық мәдениеті мен азаматтардың қаржылық дербестігінің маңызды элементіне айналып келеді.

    Азаматтар өз шоттарының жай-күйін үнемі бақылап, БЖЗҚ-ның электрондық сервистерін пайдаланады, инвестициялық кірісті қадағалап, зейнетақы активтерін басқару мүмкіндіктерін зерделейді. Азаматтардың өз жинақтарын қалыптастыруға қатысуы, жарналарды тұрақты түрде төлеуі және жинақтарды басқаруға қызығушылық танытуы Қазақстанда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетінің біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте болашақтағы әл-ауқат үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың өздері үшін ортақ міндетке айналуда.

    Жүктеу
    Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет
    Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет
    DOCX · 70 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға а...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ереже

    Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту ту...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ереже

    «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    2026 жылдың 07 қыркүйек күні өткен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Коллизияны анықтаудан — заңнаманы жетілдіруге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және заңнаманы жетілдіру

    Заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыста құқықтық қайшылықтарды уақтылы анықтау және оларды кейіннен жою ерекше маңызға...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Сарқан ауданы бойынша қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардың Тарифтер жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды: