№ 329-НҚ от 05.08.2026

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті

    Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
    1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
    № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының
    1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Юнифарм, Инк», АҚШ өндіруші «МЕЛАКСЕН®, қабықпен қапталған таблеткалар, 3 мг» ҚР-ДЗ-5№010903 дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
    3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
      алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

    1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

    2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

    3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 3 тамыздағы
    № 26-09-1722/И хаты.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Медициналық және

    фармацевтикалық бақылау

    комитетінің төрағасыБ. Жүсіпов

    Жүктеу
    4bd14515e09dd04c229d71f92eefaf38_original.201185.docx
    DOCX · 196 КБ
    Жүктеу
    82638b41ed9a84fdcaa8e9cc91eda010_original.203754.docx
    DOCX · 199 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    № 330-НҚ от 05.08.2026

    «Трамадол Ланнахер, қабықпен қапталған ретард таблеткалар 100 мг, 150 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің...

    Бұйрық

    № 300-НҚ от 09.07.2026

    «Декарис,таблеткалар, 50 мг, 150 мг» дәрілік заттыңтіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-ба...

    Ақпарат

    № -25/2010-И от 15.07.2026

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалық бақылауКомитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қала...

    Бұйрық

    № 296-НҚ от 08.07.2026

    «Тенокс,таблеткалар, 5 мг, 10 мг» дәрілік заттыңтіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабын...

    Бұйрық

    № 291-НҚ от 02.07.2026

    «Танакан® ЕGb 761, ішке қабылдауға арналған ерітінді» дәрілік заттыңтіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақ...

    Бұйрық

    № 330-НҚ от 4 июля 2025 года

    «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 4 шілдедегі №330-НҚ бұйрығына т...

    Бұйрық

    № -21/1736-И от 19.06.2026

    «Бақылау жүйесі VERITAS Vision System»медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 2...