Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары

    Шортанды ауданының әкімдігі

    шешіміне қосымша

    Шортанды аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 28 наурыздағы

    № 8С-35/4 шешіміне

    қосымша

    Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету

    мөлшері менқағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Шортанды ауданында тұратындарға:

    ағымдағы және жинақтау жарналарын;

    коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

    мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

    1. Тұрғын үй көмегін тағайындау Шортанды ауданының«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

    2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

    1. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес есептеледі.
    2. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
    3. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
    4. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

    3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетуқағидалары

    1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
    2. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
    3. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.
    4. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
    5. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шортанды аудандық мәслихатының шешім жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

    № Құрылымдықэлемент Бұрынғы редакция Жаңа деракция Негіздеме 1 1- тармақ 1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғы...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен мөлшері айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық а...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шортанды аудандық мәслихатының шешім жобасына түсіндірме жазба

    р/с№ Көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі Әзірлеуші мемлекетті корганның ақпараты 1 Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2. Ти...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    №6 Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады?

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Әрбір азамат өзі туралы сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді оның тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінің үй-жайларында...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңге...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетт...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша дауыс береді. Сайлаушы өзінің болатын жерін ауысты...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне о...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды: