Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 38 «Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 сәуірдегі көшпелі кеңесі хаттамасының 1.6-тармағын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 38 «Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулының қосымшасына сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының функционалдық міндеттеріне мынадай толықтыру енгізілсін:
«-Электоралдық науқандар кезеңінде сайлаушыларға дербес шақыруларды тиісті түрде табыстауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет үшін дербес жауапты болады».
- Осы қаулы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Ж. Карымбаев
Хатшы А. Керимбаева
Ұзынағаш ауылы,
2026 жылғы 08 тамыз
№ 22