Алматы облысы Жамбыл ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 26-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі дауыс беру күнін қоспағанда, үзіліссіз және демалыссыз сағат 08.00-ден бастап 17.30 дейін бекітілсін.
- Осы қаулы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет ресурсында жариялансын.
Төраға Ж. Карымбаев
Хатшы А. Керимбаева
Ұзынағаш ауылы
2026 жылғы 02 шілде
№ 20