Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 57 «Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 сәуірдегі көшпелі кеңесі хаттамасының 1.6-тармағын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 57 «Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулының қосымшасына сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының функционалдық міндеттеріне мынадай толықтыру енгізілсін:
«-Электоралдық науқандар кезеңінде сайлаушыларға дербес шақыруларды тиісті түрде табыстауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет үшін дербес жауапты болады».
- Осы қаулы Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Қанатова