2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы ақпарат
(ЖАО - Ақмола облысы әкімдігінің гранты)
Ақмола облысында 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 199 грант мөлшерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылды, оның ішінде:
педагогикалық мамандықтарға - бакалавриатқа 38 грант (математика, физика, химия, биология, география, орыс тілі мұғалімі, арнайы педагогика), магистратураға 34 грант (математика, физика, химия, биология, география).
басқа мамандықтар бойынша – 38 грант, оның ішінде: жылу энергетикасы – 10, агроинженерия – 10, сәулет және құрылыс – 6, ветеринария – 5, тау-кен ісі – 3, теология – 2, өнер – 2.
медициналық мамандықтар бойынша – 49 грант (интернатура) және 40 грант (резидентура).
Жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурстық негізде келесі жоғары оқу орындарында орналастырылған:
№ |
ЖОО атауы |
Білім беру бағдарламасы |
1. |
«Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Педагогикалық ғылымдар Өнер және гуманитарлық ғылымдар Инженерлік өндеу және құрылыс салалары Ауыл шаруашылығы және биоресурстар Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) – интернатура, резидентура Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау -Магистратура |
2. |
«Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мекемесі |
Педагогикалық ғылымдар |
3 |
«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Педагогикалық ғылымдар Агроинженерия Ветеринария Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау -Магистратура |
4. |
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Инженерлік өндеу және құрылыс салалары Ауыл шаруашылығы және биоресурстар Ветеринария |
5. |
«Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі |
Өнер |
6. |
«Торайғыров университет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Өнер Инженерлік өндеу және құрылыс салалары Ауыл шаруашылығы және биоресурстар Ветеринария |
7 |
«Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) – интернатура, резидентура |
8 |
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) – интернатура, резидентура |
9 |
«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) – интернатура, резидентура |
10 |
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) – интернатура |
2026 жылдың 14- тамызында аталған ЖОО-да талапкерлерден "бакалавриат" бойынша ЖАО грантына өтуге өтініштер қабылдау аяқталады.
ЖАО білім беру грантын беру ҰБТ сертификатының балдары мен арнайы емтихан нәтижесін ескере отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Грантты бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26-шілдедегі № 357 « Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" бұйрығымен айқындалған тұлғаларды қабылдау квотасының мөлшері ескеріледі.
ЖАО гранты бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссияларына, сонымен қатар «Бакалавриат» бойынша анықтама телефондары: 8 (7162) 903107 - Ақмола облысы білім басқармасының маманы Бикеева Асем Сәлімжанқызы (педагогика ғылымдары және басқа мамандықтар бойынша), 8 (7162) 721576- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының маманы - Баймағамбетова Динара Жамбылқызы (денсаулық сақтау бойынша) хабарласуға болады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентурада оқуға КТ және (немесе) түсу емтиханы бойынша ең жоғары – кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады. Резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиялары жүргізеді.
«Резидентура» бойынша анықтама телефоны: 8 (7162) 721576 - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының маманы Баймағамбетова Динара Жамбылқызы.
ЖАО қаражаты есебінен грант негізінде түскен азаматтармен
Ақмола облысының аумағында кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасалады.