- «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткель ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы, А. Яссауи көшесі, 9Б.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 271 073 теңгеден 294 000 теңге аралығында
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын мемлекеттік тілде және орыс тілінде іске асыру болып табылады.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы, Қажымұқан Мұнайтпасов көшесі, 45 құрылыс.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 271 073 теңгеден 294 000 теңге аралығында.
КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын мемлекеттік тілде және орыс тілінде іске асыру болып табылады.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ.
КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Степная көшесі, 6. Телефон: 8(71636) 56634
КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүлдесінде оқыту және тәрбиелеу және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беру бағдармаларын іске асыру болып табылады.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 250000 теңгеден 284 000 теңге аралығында.
КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
осы талаптың 2, 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойыншабілім бөлімі Кеңес Одағының батыры А.С. Куница атындағы Николаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 021723, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Николаев ауылы, Куница көшесі, 21.
Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 264 260 тг. 418 357 тг. аралығында.
КММ-ның негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде оқыту және тәрбиелеу және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КММ-нің мекенжайы: 021225 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылы, Орталық көшесі, 20.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 264 260 теңгеден 276 347 теңге аралығында
КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін оқыту және тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу болып табылады
- «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КММ-нің мекенжайы: 021200 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Айдарлы ауылы, Орталық көшесі, 26.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 264 260 теңгеден 276 347 теңге аралығында
КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін оқыту және тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу болып табылады
- «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ-нің мекенжайы: 021207 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Елікті ауылы, Мектеп көшесі, 12.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 264 260 теңгеден 276 347 теңге аралығында
КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде оқыту және тәрбиелеу және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ-нің мекенжайы: 021213 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Исаковка ауылы, Мектеп көшесі, 20.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 264 260 теңгеден 276 347 теңге аралығында
КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде оқыту және тәрбиелеу және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады
- «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Пригородный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КММ-нің мекенжайы: 021613 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Пригородный ауылы, Школьная көшесі, 3. Тел. 8(71631)24534
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 243 820 теңгеден 287 620 теңге аралығында
КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде оқыту және тәрбиелеу және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады
КММ басшысының лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады, педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады, педагогикалық кеңесті басқарады, мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді, білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді, заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді, қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді, педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді, білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады, білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады, Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады, нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді, педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды, компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады, жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады, өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді, мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді, өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында, білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді, білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК
МКҚК-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021803, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жалғызқұдық ауылы, Бейбітшілік көшесі, құрылыс 75.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 206 955 теңгеден 251 600 теңге аралығында.
МКҚК-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК
МКҚК-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020500, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Клубная көшесі, 1А.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 214 408 теңгеден 282 929 теңге аралығында.
МКҚК-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің жанындағыЖолымбет кентінің «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК
МКҚК-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021607, Ақмола облысы, Шортанл ауданы, Жолымбет кенті, Театральная көшесі, 9.
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 214 408 теңгеден 282 929 теңге аралығында.
МКҚК-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;
немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы талаптың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері:
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;
"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;
тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;
педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 3 қыркүйектен бастап 11 қыркүйекке дейін келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, 302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8(716-2)90-31-09, электрондық мекен-жайы: [email protected]
- "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
- веб-портал "Электрондық үкімет".
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.