ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қамысты ГАРАНТ строй» ЖШС Қостанай облысы Жітіқара ауданында орналасқан Қаратас магмалық тау жыныстары (гранит) кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу жоспарына қатысты қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін әзірленген материалдар (рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары) бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Тоқтаров а.о., Тоқтаров а. (географиялық координаттары 52.111528 С.Е. 61.554072 Ш.Б.).
Учаске орталығының географиялық координаттары: 52° 3'56.01" С.Е., 61°26'48.22" Ш.Б.
Қоғамдық тыңдаулар 10.09.2026 ж.сағат 15:00-де Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Тоқтаров а. о., Тоқтаров а., Школьная к., 15 (әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.
Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Тыңдаулар гибридті форматта өткізіледі, қатысу үшін мына мекен-жайға келу немесе ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет.
Zoom конференциясына сілтеме арқылы қосылуға болады https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09. Конференцияны сәйкестендіру: 387 530 9521; код доступа: uv3JD5.
Бастамашы – «Камысты ГАРАНТ строй» ЖШС, БСН 090440008421, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі, Қамысты ауылы, Энергетиктер көшесі, 1Г ғимараты, тел.: +7 705 226 12 15.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС (лицензия 01.08.2013 ж. №01583Р, «Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігімен берілген), БСН: 100540015046, Кокшетау қаласы, Васильковский шағын ауданы, 4Г, тел.: 8 (747) 186-04-28, e-mail: [email protected].
Порталға сілтеме: https://ndbecology.gov.kz және https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=ru.
Жоспарланған қызмет туралы, қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ e-mail бойынша жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болады: [email protected] және тел: 8 (747) 186-04-28.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көш., 72, тел.: 8 (7142) 54-61-66, e-mail: [email protected].