Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2026-2027 жаңа оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға (бакалавриатқа) 40 орынға грант бөлінді. Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды. Комиссия отырысында қажетті мамандықтар және сол мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары анықталды.
Келесі кезеңде грант иегерлері анықталатын болады.
Комиссия мүшелері талапкерлердің біліміне, яғни ҰБТ нәтижелеріне басты назар аударады (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес).
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің өтініштері 7, 8, 9 тамызда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғимаратында 9:00 ден 18:00 ге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (түпнұсқа мен көшірме болу қажет):
- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (оқу орнында болады);
- білімі туралы құжаты;
- ҰБТ сертификаты;
- 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Әлеуметтік осал топқа (егер жататын болса) жататындығы туралы құжат тапсырады.
Естеріңізге салайық, осы гранттарға оқуға түсуші әрбір тұлғамен 3 жақты келісімшарт жасалады. Бұл гранттар бойынша жоғары оқу орнын бітірген маман облыстың кез келген кадр тапшылығы орын алған жерге жолдамамен барып, келісімшарт негізінде 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажет, яғни білім алған мамандар кейін белгіленген орында еңбек етуге міндетті.
Байланыс телефондары: 8-700-170-03-74
Жергілікті бюджеттің гранттарына құжат қабылдау басталады
Ақтөбе облысының білім басқармасы
Жүктеу
bef900ff2dc136553d226735394659ad_original.19271.docx
DOCX · 19 КБ
Ұқсас материалдар
Хабарландыру
КОНКУРС НӘТИЖЕСІНЕ СӘЙКЕС 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ
Ақтөбе облысының білім басқармасыЖарияланды:
Хабарландыру
Ақтөбе облысының 33 колледжі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау жүргізеді
Мамандық таңдау — адамның болашақ кәсіби жолын айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Ақтөбе облысының 9 және 11-сынып түлектері үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түрлі мамандықтарды таңдауға мүмкіндік...
Ақтөбе облысының білім басқармасыЖарияланды:
Хабарландыру
Бос тұрған басшылық лауазымдарға орналасуға арналған конкурс
Ақтөбе облысының білім басқармасыЖарияланды:
Бюджет
30.06.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
Ақтөбе облысының білім басқармасыЖарияланды:
Бюджет
31.05.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
Ақтөбе облысының білім басқармасыЖарияланды:
Бюджет
Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат
мың теңге № Шығындар атауы 2026 жыл 2027 жыл 2028 жыл 1 Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру 4,409,003.0 4,026,633.0 4,085,589.0 2 Мемлекеттік білім беру ұйымдар үшін оқулықтар мен оқу-әдiстем...
Ақтөбе облысының білім басқармасыЖарияланды: