«Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады:
- Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы онлайн-сервистердің көмегімен;
www.gov.kz/sailau |
sailau.gov.kz |
sailau2026.gov.kz |
- Тұрғылықты жері бойынша тиісті елді мекен әкімдігінің Call-орталығына хабарласу арқылы. Call-орталықтардың нөмірлері әкімдіктердің интернет ресурстарында қолжетімді;
- Сайлаушыға арналған дербес шақыруда орналастырылған
QR-кодты пайдалану арқылы.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы