Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады?

    ·

    Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады?

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Әрбір азамат өзі туралы сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді оның тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінің үй-жайларында дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап тексере алады.

    Әскери бөлімдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан құрылған сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімдермен дауыс беру күніне бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы
    17 тамыздан бастап таныса алады.

    Тiзiмге енгiзiлмеген, дұрыс енгiзiлмеген немесе тiзiмнен шығарып тасталған, сондай-ақ дәлсіздік жiберiлген жағдайда азамат сайлау комиссиясына сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді түзету қажеттігі туралы шағымдануға құқылы.

    Түзетуді немесе тізімге енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргізеді. Сайлау комиссиясы өтініш мақұлданбаған жағдайда азаматқа оның өтінішінің мақұлданбағаны туралы уәжді шешiмнiң көшiрмесiн дереу бередi. Шешiм бойынша сайлау комиссиясы орналасқан жердегі сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.

    Жаңару үшін дауыс бер!

    Қазақстан Республикасының

    Орталық сайлау комиссиясы

    Жүктеу
    c3f17ce0670c8d9b078926a3fc833c40_original.17272.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»

    «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?» 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынш...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Көппәтерлі тұрғын үйлердің (КТҮ) кондоминиум объектісін басқару нысандары және басқару субъектілері бойынша тізілімі»

    № Область, город, населенный пункт район Адрес многоквартирного жилого дома Формы управления: объединения собственников имущества, непосредственное совместное управление.(управляющий многоквартирным жилым домом) Субъекты...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің ҮЕҚ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңге...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл ауылы тұрғындарымен кездесу

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Рахат ауыл тұрғындарымен кездесу

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шайдана ауыл тұрғындарымен кездесу

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әуликөл ауылы тұрғындарымен кездесу

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Шетелде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне...

    Жарияланды: