Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылардың тізбесі бекітілсін.
    2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Лауазымы

    Аты-жөні



    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Басқармасының

    2026 жылғы «___» ______ №___

    қаулысына қосымша_

    Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылардың тізбесі

    1. «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларында, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарында:

    1 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1-тарау. Заемдарды беру шарттары мен тәртібі»;

    14-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14-2. Зейнетақы аннуитеті шартын қоспағанда, жинақтау сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері сақтандырушының комиссиялық сыйақы төлеуге байланысты шығыстарын, жинақтау сақтандыру шартын жасасу және орындау жөніндегі шығыстарды шегергенде сақтандырушы есептеген инвестициялық кірісті есептегенде, сақтанушы нақты енгізген сақтандыру жарналарының сомасынан кем емес соманы құрайды.

    Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандырушының іс жүргізуге жұмсаған шығыстарын шегергенде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32831 болып тіркелген, «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесінде белгіленген кірістіліктің жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесінің мөлшеріне қарай есептелген, сақтандырушы есептеген инвестициялық кірісті ескере отырып, төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем емес соманы құрайды.»;

    14-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14-3. Сақтанушы жинақтаудың барлық кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысын бірмезгілде төлеген сақтандыру шартын және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндегі өмірді сақтандыру шартын қоспағанда, жинақтау сақтандыру шартының қолданылуының бірінші жылының соңында сатып алу сомасының болуы көзделмейді.

    Зейнетақы аннуитеті шартын қоспағанда, жинақтау сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтандырушы сақтанушыдан сақтандыру шартын бұзу туралы өтінішті алған күнге есептелген сатып алу сомасын сақтанушыға төлейді.

    Зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сатып алу сомасын аудару Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32831 болып тіркелген, «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысымен бекітілген Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартының 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады»;

    3-тараудың тақырыбы алып тасталсын.

    1. «Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарда (бұдан әрі – Талаптар):

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру агентінің сақтанушымен (сақтандырудың ерікті түрлері бойынша) сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:

    1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:

    сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;

    теңгемен комиссиялық сыйақы сомасын, сондай-ақ оның мөлшерін сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен көрсете отырып, сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының мөлшері;

    сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;

    сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;

    сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;

    сақтанушының, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі құқықтары мен міндеттері;

    шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;

    сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;

    жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесі көрсетілген жеңілдіктердің болуы;

    сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;

    2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса – сақтандыру қағидаларының көшірмесін қағаз тасымалдағышта беру не сақтанушыға сақтандыру қағидаларының электрондық (сканерленген) көшірмесін немесе сақтандыру ұйымының интернет-ресурсындағы немесе сақтандыру ұйымы әріптесінің интернет-ресурсындағы сақтандыру қағидаларының жарияланымына сілтемелерді жіберу (сақтанушының таңдауы бойынша);

    3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;

    4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру қағидаларында немесе «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туристі міндетті сақтандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында талаптар болған кезде (бұдан әрі - міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілері), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру туралы белгіні қамтитын өтінішті толтыру;

    5) сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау, оның ішінде оны жүргізу үшін мамандарды тарта отырып (қажет болғанда) бағалау (жеке сақтандыру шарттары бойынша медициналық куәландыру). Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;

    6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;

    7) сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы түрлері, талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

    8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;

    9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;

    10) сақтанушының:

    фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына;

    сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы растайтын құжатты ала отырып сақтандыру агенті-жеке тұлғаға;

    фискальді чекті ала отырып сақтандыру агенті-заңды тұлғаға;

    қолма-қол ақшасыз төлеуге жататын сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарнасы);

    11) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру агенті туралы ақпаратты көрсетумен сақтандыру полисін ресімдеу (қосылу шартын жасасу) не жеке сақтандыру шартын жасасу;

    12) сақтандыру ұйымының талдамалық есебінде және бағдарламалық қамтылымында Талаптарға 1-қосымшада көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.

    Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.

    Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды сақтандыру ұйымы қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.».

    1. «Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17806 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарда:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер:

    1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі және банктік деректемелері;

    2) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті), заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері (жеке тұлғалар үшін);

    3) сақтанушының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті), орналасқан жері және нақты мекенжайы, банктік деректемелері (заңды тұлғалар үшін);

    4) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылса) немесе сақтандыру агентінің атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы, телефон нөмірі және бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы болып табылса);

    5) сақтандыру нысанын көрсету;

    6) сақтандыру жағдайын көрсету;

    7) сақтандыру сомасының мөлшері, валюта түрі, сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімі;

    8) сақтандыру сыйлықақысының (егер төлем бөліп төленсе, сақтандыру жарнасының) мөлшері, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы және жеңілдікті (бар болса) ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының сомасы, сақтандырушы ұсынатын сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы және жеңілдігі (бар болса) ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының сомасы, валюта түрі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері;

    9) _________ теңге (цифрлармен және жазумен) сомасын көрсете отырып, сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының мөлшері және сақтандыру сыйлықақысының пайызының (цифрлармен және жазумен) _________ мөлшері;

    10) сақтандыру полисін жасасу күні және оның қолданыс мерзімі;

    11) егер сақтандыру полисінде сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетілген жағдайда, ол сақтандыру полисі бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылушының (пайда алушының) сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету;

    12) сақтандыру полисінің нөмірі (сақтандыру полисін қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімдеген жағдайда) немесе дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым берген сақтандыру полисінің бірегей нөмірі (сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеген кезде);

    13) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы сақтанушыны немесе сақтандырылушыны хабардар ету мерзімдері;

    14) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);

    15) сақтандыру полисінің қолданылатын аумағын көрсету;

    16) сақтандырушының қолы (сақтандыру полисі қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделген жағдайда);

    17) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес мәліметтер қамтылады.

    Экономика секторының коды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы
    № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы
    № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес көрсетіледі.

    Экономикалық қызмет түрі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы
    № 275 қаулысына 38-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінде Талаптардың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сақтандырушының ассистанс компаниясының атауы, орналасқан жері, интернет-ресурсы, телефоны мен факсінің нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы, сақтандырылушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні мен тұрғылықты жері, турист келген елдің міндетті сақтандыру бағдарламасы туралы ақпарат, сақтанушының (сақтандырылушының) сақтанушы (сақтандырылушы) таңдаған сақтандыру бағдарламасының талаптарымен танысқаны туралы белгі қамтылады.»;

    6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін жасасқанын растау үшін сақтандырушы сақтанушыға сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың болуы туралы растайтын сақтандыру сертификатын цифрлық нысанда ресімдейді.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Егер сақтандырушының филиалы сақтандыру полисін ресімдесе, онда сақтандыру полисінде сақтандырушы филиалының атауы, орналасқан жері мен телефоны, филиал басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қамтылады.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Түрлері, талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін жекелеген заңдарында белгіленетін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру полистері цифрлық нысанда ресімделеді және сақтандыру полисінің бланкісінде басып шығарылмауға тиіс.

    Жүктелген және ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру полистері қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде және (немесе) цифрлық нысанда ресімделеді.».

    1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32832 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

    28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен:

    "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын;

    инвестициялық портфельді басқарушыларды;

    брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

    консалтингтік қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғаларды

    зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласында актуарлық есеп айырысуларды жүргізуді ұйымдастыруды, сақтандыру қызметімен және зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетуді, актуарлық қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды құруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегіннен тыс та заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатыспайды.».

    Жүктеу
    О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования страховой деятельности
    Проект постановления
    DOCX · 108 КБ
    Жүктеу
    О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования страховой деятельности
    Сравнительная таблица
    DOCX · 39 КБ
    Жүктеу
    О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования страховой деятельности
    Пояснительная записка
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Агенттік қаулысы

    "Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу қағидаларын, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттарын, жүзеге асырылудың үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болу өлшемшарттарын, сондай-ақ банкті залалға ұшырататын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 3 тамыздағы №118 қаулысы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Статистика

    Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 2026ж.01.07 ағымдағы жағдайы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Агенттік қаулысы

    "Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 7 тамыздағы №119 қаулысы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Агенттік қаулысы

    «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 шiлдедегi № 107 қаулысы

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу жән...

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Агенттік қаулысы

    «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығ...

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Агенттік қаулысы

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының банк және микроқаржылық...

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Қаулы

    «Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің банктің акцияларын олардың тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Қаулы

    «Банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жүйелік маңызы бар банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналарды енгізу қағидаларын, мөлшерлері мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы «31» шілдедегі № 114 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы «31» шілдедегі № 97 бірлескен қаулысы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды: