Федоровауданының 2026 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
туралы ақпарат
Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2544,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 206,6 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістер 1533,7 млн. теңге жоспар бойынша, 2069,9 млн. теңге сомасына немесе 135 % атқарылды, жоспардан тыс 536,2 млн. теңге келіп түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 3051,1 млн. теңге жоспар бойынша, 3050,8 млн. теңгеге немесе 100 % атқарылды.
2026 жылғы 1 шілдеге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 83,2 % құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2440,9 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылғы деңгейден 311 млн. теңгеге жоғары. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0, 2 % құрайды.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 117,9 % құрайды.
Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 9728,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылғы деңгейден 2570,0 млн. теңгеге жоғары. Оның ішінде:
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 1836,4 тонна немесе 2025 жылдың деңгейіне 107,9%, сүт 23685,8 тонна немесе 127,2%, жұмыртқа 535,5 мың дана немесе 101,2 % өндірілді.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ саны 7 басқа көбейді және 24,8 мың басты немесе 2025 жылдың деңгейіне 100 %, оның ішінде сиыр басы 803 басқа көбейді және 2025 жылдың деңгейіне 106,4 % құрайды. Жылқы басы 7,7 % көбейді және 5,1 мың басты құрайды, шошқа басы 305 басқа немесе 5,6 % көбейді және 5,6 мың басты құрайды.
2026 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 4879,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 1372,4 млн. теңгеге аз. НКИ 71,4 % құрайды.
2026 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі 3157,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 546,1 млн. теңгеге көбірек. НКИ 110,1 % құрайды.
Экономикалық өсуді айқындайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі, инвестициялар тарту болып табылады.
Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 274,7 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,2 % құрайды . Ауданға 6401,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2025 жылдан 13680 млн. теңгеге көбірек ( 2025 жылы - 5033,0 млн.теңге) . Жергілікті бюджет есебінен 253,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 2144,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 4004,0 млн. теңгені құрады.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2457 шаршы метрді құрады, бұл 2025 жылғы деңгейден 1518,0 шаршы метрге көбірек. НКИ 261,7 % құрады.
2026 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі 508,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың өткен кезеңінен 1636,0 млн. теңгеге төмен. НКИ 22,2 % құрады.
Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2025 жылдың қаңтар-наурыз аралығында орташа айлық жалақы 285 593 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 799 теңгеге немесе 12,1 % көбірек.
«Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысының
орынбасары Т. Гордеева