2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды

    Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталған ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық табыс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүргізілген төлемдер есебімен бірге 41,4% құрайды, бұл инвестициялық кірістің азаматтардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына елеулі үлесін растайды.

    ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың шілдесінен бастап 2026 жылдың маусымына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,51 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,29% болды.

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 122,77 млрд теңгені құрады, кірістілік 16,84%.

    Еске сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.

    1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 995,04% инфляция кезінде 1 109,05% құрады.

    Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

    Бұл ретте салымшылар ИПБ жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады:

    • жасына қарамастан барлық салымшыларға сәйкес келетін Ki (12) портфелі. Ол бойынша ең төменгі кірістілік деңгейі соңғы 12 айда бағаланады;
    • Ki (36) портфелі, ол зейнетке шыққанға дейін кемінде 3 жыл қалғандарға арналған. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі 36 айдың қорытындысы бойынша бағаланады;
    • ұзақ мерзімді көкжиегі (зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан астам) бар салымшыларға арналған Ki (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік деңгейі 60 ай ішінде анықталады.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы ( www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Түлкібас ауданы әкімдігі дербес бөлімдерімен ауылдық округтері мен кенттеріне әкімі аппараттарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялықсипаттамасыжәне болашаққа болжамдар 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млн адамға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі аз...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Келес ауданынан конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі.

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Хабарландыру

    «Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Түлкібас ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу қортындысына енгізілген ұсынымдарды орындау

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Жоспар

    Сауда орындарының орналасуы

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    «Түлкібас ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» аудан әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Түлкібас ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: