"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38349 болып тіркелді
Министр сельского хозяйства |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
4) пайдаланушының "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
- Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беруге арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсеткенде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, операциялық залдың жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
- Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштамаға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды 15 (он бес) минут ішінде айқындайды;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстырған кезде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауыстыру жөнінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде қорытынды жасайды және ауданның уәкілетті органына жібереді;
3) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстырған кезде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
4) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстырған кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органын айқындайды;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 25 (жиырма) бес) күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады;
9) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстырған кезде:
10) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыстыру жөнінде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
11) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауданның уәкілетті органына жібереді;
12) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
13) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
14) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;
15) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түрлеріне ауыстырған кезде:
16) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
17) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
18) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
19) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
20) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
21) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;
22) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
- Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
- Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
- Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
- Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Ауыл шаруашылығы |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Күнтізбелік 30 (отыз) күн. |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру туралы өтініш 2) мыналарды ауыстырған кезде: құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге және құндылығы жоғары түрге – аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарының қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; суарылмайтын егістіктерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа құндылығы аз түрлеріне – ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісуші облыстық уәкілетті органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; 3) ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екіншісіне ауыстыруға белгіленген жерлердің экспликациясы; 4) басқасына ауыстыру белгіленген ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңдары, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа түрге ауыстыруға белгіленген ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы; 5) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы; 6) суару желісінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер; 7) жер учаскесі әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. |
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы. |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
"Ауыл шаруашылығы |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беруге өтініш
____________________________________________________ негізінде
(негізді көрсету)
___________________________________________________________ арналған
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
_____________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
___________________________________________________орналасқан алаңы
____________ гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (қажеттісінің асты сызылсын) құқығын беруіңізді сұраймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы/электрондық
цифрлық қолтаңбасы)
"Ауыл шаруашылығы |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_____________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы "____" __________________