Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жезқазған қаласы 2026 жылғы 18 маусым
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы №03/09 қаулысымен бекітілген Ұлытау облысының білім басқармасы туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, Басқарма білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың құрылымдық бөлімшелері өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ Заңы;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 352 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы.
«Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 15 мамырдағы №234н «Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес ішкі талдау
2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізілді.
Ішкі талдау барысында Басқарманың 2025 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығындағы қызмет кезеңі қамтылды.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.
Ішкі талдауды Басқарманың келесі қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы жүргізді:
Туребеков Маратбек Жақыпбекулы – «Ұлытау облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
Мушенова Қарлығаш Жарылғасынқызы – әкімшілік, мемлекеттік қызмет көрсету және үйлестіру бөлімі;
Алтайбекова Мөлдір Жанбырбаевна – бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
Рахман Алтынай Ғалымжанқызы – бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы;
Жуматова Гульмира Кабашовна – тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау барысында жекелеген дискрециялық өкілеттіктер анықталды.
Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бекіту процесін автоматтандыру
Негіздеме: 2026 жылғы 4 наурыздағы №230540038498/260036/00 шартқа сәйкес «SmartDerek» ЖШС әзірлеген «Е-Акимат» ақпараттық жүйесінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесі цифрландырылды.
Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастырудың цифрлық процесі енгізілді. Бұл процесс орталық мемлекеттік органдардың planning.gov.kz ақпараттық жүйесі арқылы жоспарлау тетігіне сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерлер мен білім алушылардың контингенті туралы мәліметтердің дұрыстығын автоматты түрде салыстыру мақсатында Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДБ) интеграция қамтамасыз етілді.
Нәтижесі: процестің цифрландырылғанын растайтын пайдалануға енгізу актісі жасалды.
Бюджеттік өтінімдерді (оларға ұсыныстарды) ұсынудың кезең-кезеңімен тәртібін және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын автоматты түрде тексеру тетігін (тарификациялық тізімдер) регламенттеу
Білім беру ұйымынан бастап бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне дейін бюджеттік өтінімдерді ұсынудың кезең-кезеңімен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы әзірленуде.
Нәтижесі: 2026 жылғы 4 наурыздағы №230540038498/260036/00 шарт негізінде «SmartDerek» ЖШС әзірлеген «Е-Акимат» ақпараттық жүйесінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесі цифрландырылды. Жүйеде тарификациялық тізімдерді қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Қаржыландырудың вертикалды жүйесін жетілдіру
Педагогтердің еңбекақы төлеу қорын жоспарлау және игеру жөніндегі өкілеттіктерді қалалық және аудандық әкімдіктерге беру бөлігінде қаржыландыру жүйесі қайта қаралуда.
Нәтижесі: Ұлытау облысының білім басқармасында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 38-ден 40 бірлікке дейін ұлғайтылды. Бұл қызметтік жүктемені қайта бөлуге және бюджеттік жоспарлау сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Білім беру ұйымдарының бухгалтерлік қызметтерін орталықтандыру
Білім беру саласында бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қаржы-бухгалтерлік қызметтеріндегі кадр тапшылығын жою үшін Білім басқармасы бухгалтерлік есепті орталықтандыру туралы шешім қабылдады.
Ағымдағы жылдың 5 ақпанынан бастап білім беру ұйымдарының бухгалтерлік қызметтері орталықтандырылып, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің қарамағына берілді. Аталған шара бухгалтерлік есепті сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге, қаржылық бақылауды күшейтуге және кадрлық жүктемені төмендетуге бағытталған.
Бухгалтерлік қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бухгалтерлік қызметтердің орталықтандырылуына байланысты аталған санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайтуға құқықтық негіздер көзделмеген.
- Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ішкі құжаттар талаптарының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
Басқарманың ішкі құжаттарына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
1. Персоналды басқару
Басқарманың штаттық саны 20 бірлікті құрайды, оның ішінде 5 бос лауазым (2-тұрақты, 3- уақытша) бар.
Басқарманың құрылымында келесі 4 бөлім бекітілген:
- Әкімшілік, мемлекеттік қызметтер және үйлестіру бөлімі;
- Бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп және құқықтық жұмыс бөлімі;
- Мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру бөлімі;
- Тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі.
Басқарма қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу барысында еңбек заңнамасы нормаларының және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Кадр қызметінің жұмысын жүргізу үшін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі қолданылады, бұл өз кезегінде кадрлық процестерді ашық әрі тиімді ұйымдастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп мемлекеттік қызмет атқару фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысына жол беру жағдайлары тіркелмеген.
Қабылданған қызметкерлердің аффилиирленген тұлға байланыстары бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде қандай да бір тәуелділік немесе мүдделестік фактілері анықталған жоқ.
Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағаны туралы фактілер анықталмады.
Басқарманың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларымен таныстырылған.
Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша лауазымын төмендету фактілері анықталған жоқ.
Жұмыс тобы лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың сақталуына (оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және басқа да талаптар бойынша) талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Талдау кезеңінде барлық мемлекеттік қызметшілер кірістері мен мүлкі туралы декларацияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде тапсырған.
Басқарманың барлық қызметкерлері атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
2. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау кезеңінде Басқарманың лауазымды тұлғаларының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болатын лауазымдарды атқару фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстарының, жұбайларының (зайыптарының) және (немесе) жекжаттарының тікелей бағынысында болу жағдайлары анықталған жоқ.
Есепті кезеңде Басқарма қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысының туындау фактілері тіркелмеген.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкес білім басқармасының қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге (немесе нормативтік құқықтық актілер жобаларына) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдау жүргізілді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, азаматтардың құқықтарын негізсіз шектеуге немесе жекелеген тұлғаларға негізсіз артықшылықтар беруге жағдай жасайтын сыбайлас жемқорлық сипатындағы нормалар анықталған жоқ.
Нормативтік құқықтық актілер шешімдер қабылдаудың қажетті рәсімдерін қамтиды, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін және бақылау тетіктерін айқындайды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін барынша азайтады.
Қорытынды: қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленген жоқ.
Білім беру саласында 34 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарына қабылдау процестері автоматтандырылған және электрондық ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
Атап айтқанда:
мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдамалар беру INDIGO
балабақшаларға арналған электрондық кезек веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
орта білім беру ұйымдарына қабылдау eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау SmartNation.kz порталы арқылы жүзеге асырылады;
қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау E-daryn.kz порталы арқылы жүзеге асырылады;
арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау Qabyldau.daryn.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау, біліктілігін арттыру және марапаттау процестерін қамтамасыз ететін бірыңғай «Ұстаз» платформасын енгізу бойынша жұмыстарды бастады.
Осылайша, білім беру жүйесіндегі қабылдау процестерінің барлығы ашық және автоматтандырылған форматқа көшірілді, бұл заңсыз араласу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
2026 жылы білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу 14 ұйымда жоспарланған.
Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың есепті кезеңінде ішкі бақылау жүргізілді:
3 мектепке дейінгі білім беру ұйымында;
5 жалпы орта білім беру ұйымында;
1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында.
2026 жылдың I тоқсаны бойынша жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша келесі білім беру ұйымдарында ұқсас бұзушылықтар анықталды:
Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Ж. Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ;
Жезді мектеп-интернаты;
Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты «Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ
Мемлекеттік қызметтердің құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілген фактілер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген құжаттарды талап ету жағдайлары анықталды.
Анықталған бұзушылықтарды қарау қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тиісті отырыс хаттамалары рәсімделді, жауапты тұлғаларға алдағы қызмет барысында осындай бұзушылықтарға жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
2026 жылы азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мемлекеттік басқарудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Азаматтарға қолжетімді, ашық және сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен білім беру ұйымдарының жауапты қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша онлайн-семинар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың маусым айында балаларды бірінші сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық білім беру деректер базасының жауапты мамандарының қатысуымен OQU ұлттық білім беру платформасында оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және заңнама талаптарын сақтау мақсатында 2025 жылғы маусым-қараша аралығында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 121 маман біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оларды көрсету мерзімдерін сақтау, сондай-ақ азаматтардың қанағаттану деңгейін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғастырылатын болады.
4. Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім басқармасы рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
Қаржы-шаруашылық қызметке байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2026 жылға бекітілген бюджет көлемі төмендегідей:
001 бюджеттік бағдарлама – «Білім беру саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» – 216 152 мың теңге, оның ішінде:
еңбекақы төлеу қоры – 157 681 мың теңге;
іссапар шығындары – 14 286 мың теңге;
міндетті сақтандыру (автокөлік) – 58 мың теңге;
жанар-жағармай материалдарын сатып алу – 1 402 мың теңге;
тауарлар мен қызметтерді сатып алу – 12 495 мың теңге;
өзге де ағымдағы шығындар – 30 230 мың теңге.
005 бюджеттік бағдарлама – «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» – 990 092 мың теңге.
024 бюджеттік бағдарлама – «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау»– 2 317 784 мың теңге.
029 бюджеттік бағдарлама – «Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу»– 126 282 мың теңге.
057 бюджеттік бағдарлама – «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»– 103 782 мың теңге.
067 бюджеттік бағдарлама – «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары»– 542 813 мың теңге.
082 бюджеттік бағдарлама – «Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру»– 28 930 мың теңге.
204 бюджеттік бағдарлама – «Жекеменшік орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру»– 93 685 мың теңге.
2026 жылы Білім басқармасының қаржы-шаруашылық қызметінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
2026 жылғы 1 қаңтардан 25 маусымға дейінгі кезеңде жасалған шарттардың жалпы сомасы 2 645 915 мың теңгені құрады, оның ішінде:
001 бюджеттік бағдарлама – «Білім беру саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» – 6 471 мың теңге, оның ішінде:
А4 қағазын сатып алу – 826 мың теңге;
ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу – 4 334 мың теңге;
өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу – 1 311 мың теңге.
024 бюджеттік бағдарлама – «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау»– 2 317 784 мың теңге.
029 бюджеттік бағдарлама – «Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу»– 124 193 мың теңге.
057 бюджеттік бағдарлама – «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»– 103 782 мың теңге.
204 бюджеттік бағдарлама – «Жекеменшік орта білім беру ұйымдары
- Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау
Білім басқармасының қызметінде жасырын мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері анықталған жоқ.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2026 жылғы маусым айындағы статистикалық есептілік деректеріне сәйкес, басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 2 218 өтініш келіп түскен (2025 жылдың осы кезеңінде – 1 689 өтініш), оның ішінде:
өтініштер – 926 (41,7%);
шағымдар – 45 (2,0%);
ұсыныстар – 1 126 (50,8%);
сұрау салулар – 52 (2,3%);
өзге де өтініштер – 69 (3,1%).
Ведомстволық бағынысты ұйымдардан барлығы 335 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша – 23;
педагогтердің қызметіне қатысты мәселелер бойынша – 98;
оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша – 10;
балаларды балалар үйіне орналастыру мәселелері бойынша – 2;
мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі бойынша – 5;
балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру мәселелері бойынша – 7;
бухгалтерлік штаттың қысқартылуына байланысты – 1;
олимпиадаларды өткізу мәселелері бойынша – 10;
өзге де мәселелер бойынша (құжаттардың телнұсқаларын алу, балабақшаға орналастыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б.) – 179.
Өтініштер төмендегі ұйымдар мен құрылымдар арқылы қаралды:
Ұлытау облысының білім басқармасы – 50;
Жезқазған қаласы – 76;
Қаражал қаласы – 98;
Сәтбаев қаласы – 71;
Ұлытау ауданы – 32;
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 8.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері бойынша заңнамада белгіленген мерзімдерде жауаптар беріліп, оларды шағымдану тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, педагогтердің қызметіне қатысты келіп түскен 98 өтініштің 68-і Қаражал қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Ахметова Ардақ Жамбылбекқызы тарапынан жолданған.
Қазіргі уақытта аталған өтініштер бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралды. Өтініш иелеріне уәжді жауаптар жолданды.
Жүргізілген талдау нәтижелері Ұлытау облысының білім беру жүйесі қызметінің ашық екенін, азаматтардың өтініштерін қарау және кері байланыс орнату бойынша тиімді жұмыс жолға қойылғанын көрсетеді.
Азаматтармен өзара іс-қимыл жасау бағытында жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Өтініштерді қарау барысында заңнама талаптарын бұзу және белгіленген мерзімдерді сақтамау фактілері анықталған жоқ.
Өтініштердің басым бөлігі оң нәтижемен қаралып, өтініш иелеріне қолданыстағы заңнама шеңберінде қажетті түсіндірмелер мен құқықтық консультациялар берілді. Азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету мәселесі Ұлытау облысының білім басқармасының тұрақты бақылауында.
Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиісінше қарамауға байланысты шағымдар келіп түскен жоқ.
Жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аталған бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының мүшелері:
«Ұлытау облысының білім басқармасы» ММ
басшысының орынбасары М. Туребеков
Тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік
білім беру бөлімінің басшысы Г. Жуматова
Әкімшілік ету, мемлекеттік қызметтер көрсету
және үйлестіру бөлімінің бас маманы Қ. Мушенова
Бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп
және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы М. Алтайбекова
Бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп
және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы А. Рахман