Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    ·

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.

    Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

    «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды.Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

    «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.

    Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ секторының меңгерушісі (санаты E-R-3, №1-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5457636671

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Балқаш қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» ММ спорт секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Балқаш қаласы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.07.2026 – 21.07.2026 ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі: 22.07.2026 Практикалық бағалау: 2...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының меңгерушісі (санаты E-R-3, №2-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Балқаш қаласы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.07.2026 – 20.07.2026 ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі: 21.07.2026 Эссе: 22.07.2026 Сұхба...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Гүлшат кенті әкім аппараты» ММ бас маманы, (санаты E-G-3, №1-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Балқаш қаласы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.07.2026 – 20.07.2026 ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі: 21.07.2026 Практикалық бағалау: 2...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ТЕЛЕФОНЫ:

    100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қараменде би көшесі, 15 үй, №1 кабинет, телефон: 8 (71036) 6-59-08, [email protected] Сайлау комиссиясының құрамы: Төрайым – Агдарбекова Гульмира Женисбековна төрайым орынбас...

    Жарияланды:
    Заң

    Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2026 жылғы 5 маусымдағы № 297-VIII ҚРЗ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Есептен шығару куәліктері

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Республика азаматтарын сайлаушылар тізіміне енгізу туралы

    Жарияланды: