Балқаш қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.07.2026 – 20.07.2026
ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі: 21.07.2026
Эссе: 22.07.2026
Сұхбат: 27.07.2026
Анықтама телефоны: 8(71036) 43106
E- R -3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының меңгерушісі (санаты E-R-3, №2-1)
(Лауазым мәртебесі: бос)
Функционалдық міндеттері:
Сектор жұмысына жалпы басшылықты, бақылауды жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде мамандар арасында міндеттерді бөледі. Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Сектор қызметкерлерінің жұмысына және функционалдық міндеттерін орындауына бақылау жүргізеді. Қаланы және оған іргелес елді мекендерді сумен, жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жолаушылар мен багажды қалаішілік тасымалдау жөніндегі тіршілікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. Қаланың және іргелес кенттердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету туралы ақпаратты облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметіне (ББДСБ) беруді қамтамасыз етеді. Балқаш қаласының коммуналдық меншігіндегі су, электр, жылу желілерін пайдалануды ұйымдастырады. Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Автомобиль жолдарының техникалық жағдайы мәселелері бойынша материалдар дайындайды. Жылжымайтын мүлік объектілерін балансқа қабылдау-беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап ете отырып, жобадан ауытқи отырып, құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ) және техникалық шарттарды (ТШ) бұза отырып орындалатын жұмыстарды тоқтата тұру туралы құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Бөлімде Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды ұйымдастырады және бақылайды; Орындалатын жұмыстардың сапасын және олардың нормативтік құжаттарда (ҚНжЕ) көзделген талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді. Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, автожол объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады. Тиісті салада бюджеттік өтінімдерді әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдардың хаттарына жауап дайындайды, тиісті салада түсетін құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қала әкімінің тапсырмаларын бақылау және орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізеді. Бөлімнің тиісті саладағы бұйрықтарын әзірлейді және бекітуге ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету секторының жұмысын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін саладағы дамудың негізгі проблемаларын анықтайды және оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізеді. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бюджеттік өтінімдерді жасауды және жіберуді қамтамасыз етеді. Лауазымдық өкілеттіктері шегінде Бөлім басшысының жеке тапсырмаларын орындайды.
Жалпы біліктілік талаптары
"Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының меңгерушісі, Е-R-3 (лауазым мәртебесі: бос)
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес
Білімге қойылатын талаптар
- Жоғары білім
- Орта кәсіби білім
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Орта білімнен кейінгі білім
- Кәсіби білім
Мамандық бойынша талап
- Өндірістік және өңдеу салалары (код=6B072, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Көлік қызметтері (код=В095, түрі=Қызметтер)
- Инженерия және инженерлік іс (код=6B071, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Сәулет және құрылыс (код=6B073, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5446568200