Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 24 шiлдедегi № 502 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 шiлдеде № 39409 болып тіркелді

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. "Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерінде:

    5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    "Куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, кемінде екі адам, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының кез келген азаматы шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) куәгерлер ретінде қатысуға жол берілмейді.";

    9-тармақта:

    үшінші және төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    "Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері тоқтатыла тұрған жағдайда тексерілетін тұлғаға сұрау салу жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдермен:

    хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

    электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне "цифрлық үкімет" веб-порталындағы осындай тоқтата тұру туралы ақпаратты жолдайды.

    Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері қайта басталған кезде тексерілетін тұлғаға сұрау салуға жауап алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сондай қайта бастау туралы ақпаратты келесі тәсілдермен:

    хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

    электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне "цифрлық үкімет" веб-порталындағы осындай қайта бастау туралы ақпаратты жолдайды.".

    1. "Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері:

    5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    "Куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының кез келген азаматы шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) куәгерлер ретінде қатысуға жол берілмейді.";

    9-тармақта:

    үшінші және төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    "Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері тоқтатыла тұрған жағдайда тексерілетін тұлғаға сұрау салу жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдермен:

    хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

    электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне "цифрлық үкімет" веб-порталындағы осындай тоқтата тұру туралы ақпаратты жолдайды.

    Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері қайта басталған кезде тексерілетін тұлғаға сұрау салуға жауап алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сондай қайта бастау туралы ақпаратты келесі тәсілдермен:

    хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

    электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне "цифрлық үкімет" веб-порталындағы осындай қайта бастау туралы ақпаратты жолдайды.".

    1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жүктеу
    Приказ
    О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 7 ай салық түсімдерінің және мемлекеттік бюджетке төлемдердің динамикасы

    2026 жылғы 7 ай салық түсімдерінің және мемлекеттік бюджетке төлемдердің динамикасы

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    БСК бойынша 7 ай 2026ж. ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    БСК бойынша 7 ай 2026ж. ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Өңірлер бойынша 7 ай 2026 жылғы бойынша Ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    Өңірлер бойынша 7 ай 2026 жылғы бойынша Ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыстар бойынша салықтар мен мемлекеттік бюджетке төлемдердің нақты түсімдері 7 ай 2026ж.

    Облыстар бойынша салықтар мен мемлекеттік бюджетке төлемдердің нақты түсімдері 7 ай 2026ж.

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Басқа

    Біліктілік емтихан 18.09.2026 жыл

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Бұйрық

    «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 39 қаңтардағы № 39...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Бұйрық

    «Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесінің және тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: «Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесінің және тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы м...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2026 жылғы екінші тоқсандағы азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 2 тоқсан 2026 жылғы жеке және заңды тұлғалардан 9 200 өтініш келіп түсті.

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды: