Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №512 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12226062,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3155050 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 40334 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
арнаулы түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 9030678,7 мың теңге;
2) шығындар – 15415448,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 42619 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 320050 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 277431 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3232004,9 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3232004,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 4907689 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 1864014 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 188329,9 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.