Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті |
Департамент по чрезвычайным ситуациям город Шымкент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан |
|
ХАТТАМА №34 31.07.2026 ж. Шымкент қ. |
ПРОТОКОЛ №34 31.07.2026 г. г.Шымкент |
Азаматтық қорғау органдарына
кіру үшін алғашқы кәсіптік
даярлыққа іріктеу бойынша
комиссия отырысы
Комиссия төрағасы: Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сергей Афанасьевич Огай.
Комиссия мүшелері: Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Нұрмұхамед Еркенұлы Бостанбек, Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы Өзіндік қауіпсіздік тобының бас маманы азаматтық қорғау полковнигі Бакыт Жуматаевич Кожакеев, Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы Психологиялық қызмет және полиграфологиялық зерттеу тобының бас маман-психологы азаматтық қорғау майоры Лаззат Нурлыбековна Кудайбергенова.
Бақылаушы: Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуйсенбек Жорабекович Битанов.
Хатшы: Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының аға инспекторы азаматтық қорғау аға лейтенанты Рауан Темиралиевич Кадиев.
КҮН ТӘРТІБІ:
Шымкент қаласы ТЖД Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы лауазымына орналасу үшін іріктеуге қатысатын кандидаттармен әңгімелесу өткізу.
Комиссия төрағасы, Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сергей Афанасьевич Огай сөз сөйлеп комиссия отырсының күн тәртібімен және бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысқан, азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасатын үміткермен таныстырып өтті. Барлығы 1 үміткер.
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына сәйкес кандидаттардың әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыру және біліктілік талаптарына сәйкес нәтижелерін іріктеу комиссиясы негізге алды.
Қабылдау комиссиясы отырысы барысында азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасатын үміткердің құжаттарын қарап шықты.
Іріктеу комиссия мүшелері кандидаттарға әңгімелесу кезінде, іріктеу комиссиясының төрағасы бекіткен, кандидатқа бейіндік, ситуациялық және мотивациялық сұрақтар қойды.
Кандидаттың дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруына, бағалау парағына және кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне, әңгімелесу нәтижелерінің және біліктілік талаптарының сәйкестігіне қарай отырып, іріктеу комиссиясы шешім қабылдады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылдау комиссиясы келесі шешімді қабылдады:
- Азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасуға ұсынылсын:
№ р/с |
Кандидаттардың аты-жөні |
1. |
Набидуллина Cамал Нургалиевна |
Комиссия төрағасы: С. Огай
Комиссия мүшелері: Н. Бостанбек
Б. Кожакеев
Л. Кудайбергенова
Хатшы: Р. Кадиев