ЕГЖК АЖО МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ: ЖЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА РӘСІМДЕУ

    ·
    ЕГЖК АЖО МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ: ЖЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА РӘСІМДЕУ

    Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының автоматтандырылған жұмыс орнында (ЕГЖК АЖО) үш мемлекеттік қызмет іске қосылды: жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту.

    «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін сауда-саттық өткізбей сатып алу құқығын іске асыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Қызметті облыстардың, Астана, Шымкент және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді. Қызметке жүгіну жария кадастрлық карта (ЖКК) арқылы және электрондық форматта – «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш белгіленген нысан бойынша нормативтік талаптарда көзделген құжаттарды міндетті түрде қоса тіркей отырып қабылданады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе жарамдылық мерзімі өткен құжаттар берілген жағдайда өтініш қабылданбайды. Өтініш тіркелгеннен кейін ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі, жер учаскесі кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіріледі және жеке меншік құқығын беру туралы шешім жобасы дайындалады. Жоба жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен келісіліп, қызмет көрсетуші басшысының қол қоюына ұсынылады. Шешім ресми құжат түрінде рәсімделіп, портал арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Бас тартуға негіздер болған жағдайда өтініш берушіге алдын ала бас тарту туралы хабарлама жіберіліп, тыңдау өткізілетін уақыт пен тәсіл көрсетіледі. Тыңдау қорытындысы бойынша меншік құқығын беру немесе түпкілікті дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданады. Қызмет жер учаскесін біржолғы төлеммен де, бөліп төлеу арқылы да сатып алу мүмкіндігін қамтиды. Қызмет көрсету кезеңдерінің барлығы мониторингтің ақпараттық жүйесінде тіркеледі, ал процестің өзі құжат айналымы, тіркеу және электрондық цифрлық қолтаңба талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

    «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы бар және жердің нысаналы мақсатын өзгертпей жалдау мерзімін ұзартуды қалайтын жеке және заңды тұлғаларға арналған. Өтінішті қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы да, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да беруге болады. Портал арқылы өтініш берген жағдайда қызмет алушы өтініштің қабылданғаны және қызмет көрсету күні туралы хабарлама алады. Құжаттар толық ұсынылмаған немесе мерзімі өткен жағдайда өтініш қабылданбайды. Өтінішті қарау жер учаскесінің түріне қарай бірнеше кезеңнен тұрады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша материалдар жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолданып, учаскенің шекарасы, пайдаланылуы және мақсатының сәйкестігі тексеріледі. Құрылыс пен объектілерді орналастыруға берілген учаскелер бойынша тексеруді сәулет және қала құрылысы бөлімшелері жүргізеді. Бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жалдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданып, жалдау шартының жобасы дайындалады. Шешім мен шарт қызмет алушының жеке кабинетіне жолданады немесе кеңсе арқылы беріледі. Қызмет алушы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей шартқа қол қоюға міндетті. Шартқа уақытылы қол қоймау жалдау мерзімін ұзарту туралы шешімнің күшін жоюға негіз болуы мүмкін. Бас тартуға негіздер болған жағдайда қызмет алушыға тыңдауға қатысу мүмкіндігі берілетін хабарлама жіберіледі. Тыңдау нәтижесінде оң шешім де, дәлелді түпкілікті бас тарту да қабылдануы мүмкін. Қызмет көрсету кезеңдерінің барлығы, оның ішінде тіркеу, келісу, шешім қабылдау және шарт рәсімдеу заңнамада белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады, ал процестің барысы мемлекеттік қызметтер мониторингі жүйелерінде көрсетіледі.

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік қызметі жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Қызмет алушы электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіп, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» қызметін таңдайды. Портал SSO арқылы өтінішті рәсімдеу үшін автоматты түрде ЖКК-ға бағыттайды. Одан кейін қажетті деректерді толтырып, құжаттарды қоса тіркейді. Деректер толтырылып, ЭЦҚ арқылы қол қойылғаннан кейін өтініш автоматты түрде ЕГЖК АЖО жүйесіне жіберіліп, жергілікті атқарушы органдардың қарауына түседі. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері өтінішті қарап, келісуші органдардың қорытындыларын алып, қорытынды шешім дайындайды. Кейін ақпарат қызмет алушының танысуы үшін ЖКК-ға жіберіледі. Қызмет алушы құжатпен танысып, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны туралы актіні тіркейді және жер учаскесін сатып алу тәсілін таңдайды. Одан кейін жергілікті атқарушы органның қызметкерлері қаулы мен шартты дайындап, қол қою үшін ЖКК-ға жібереді. Қызмет алушы құжаттармен танысып, шартқа қол қояды және қажет болған жағдайда жер учаскесін сатып алу төлемін жүргізеді. Бұдан соң жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру, сондай-ақ құқықтарды тіркеу қызметтеріне өтініш береді. ЖКК-дан ЕГЖК ақпараттық жүйесіне электрондық тапсырыс түскеннен кейін кешенді қызметті орындау Қазақстан Республикасының азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі филиалының ЕГЖК жүйесін пайдаланушылары тарапынан ұсынылған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Милютин ауылы әкімі аппаратының 01.08.2026 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына 10-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Ұсынылады: жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының Милютин а. 2026 жылғы тамыз айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері

    Жітіқара ауданының Милютин а. 2026 жылғы тамыз айындажер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 14-тармағына сәйкес) № Жеке тұлғаның / заңдытұлғаның атауы Жер учаскесінің...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамызға арналған «Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты» ММ көрсетілген қызметтер туралы ақпарат

    «Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты» ММ көрсетілген қызметтер туралы ақпарат 2026 жылдың маусымда Мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді. Дәлелді бас тартулар болған жоқ. Шағымдар түскен жоқ. Жітіқара аудан...

    Жарияланды:
    Тізілім

    2026 жылғы 1 тамызға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі

    2026 жылғы 1 тамызға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі № ТАӘ өтінім № Өтініш күні Жазба күйі Аймақ 1 МУСАГАЛЫЕВ АЗАМАТ КЫДЫРБАЕВИЧ 10100585996560 05.05.2022 Кезекте Милютин а. 2 ЧУПОВА АЛИНА НИКОЛАЕВНА 10...

    Жарияланды:
    Тізілім

    2026 жылғы 1 шілдеге жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі

    2026 жылғы 1 шілдеге жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі № ТАӘ өтінім № Өтініш күні Жазба күйі Аймақ 1 МУСАГАЛЫЕВ АЗАМАТ КЫДЫРБАЕВИЧ 10100585996560 05.05.2022 Кезекте Милютин а. 2 ЧУПОВА АЛИНА НИКОЛАЕВНА 10...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Атаулы әлеуметтік көмек

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға нем...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    Ауыл шаруашылығы министрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына4-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шар...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат, әкімнің есебі барысында айтылған ауыл халқының ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша Жітіқара ауданы Милютин ауылы 2026 жылғы 5 маусым

    Жарияланды: