КМФБК: дәрілік заттарды импорттау кезінде ҚҚС қолдану тәртібі өзгерді

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті

    Енді Қазақстанға импортталатын мемлекеттік тіркеуден өткен дәрілік заттар үшін тауардың нысаналы мақсатын растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау саласында қосылған құн салығын (ҚҚС) қолдануды реттейтін №1203 және №1204 қаулыларына енгізілді.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, енгізілген өзгерістер ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібін нақтылап, оны біріздендіруге бағытталған.

    Атап айтқанда:

    • тауарлар тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың жаңартылған Тауар номенклатурасы кодтарына сәйкестендірілді;
    • қағидалардағы кейбір нормалар нақты жазылып, олардың әртүрлі түсіндірілуіне жол берілмейді;
    • тауардың нысаналы мақсатын растайтын құжат қандай жағдайда қажет екені нақтыланды.

    Жаңа тәртіпке сәйкес, тауардың нысаналы мақсатын растайтын құжат тек Қазақстанда дәрілік заттарды өндіруге арналған фармацевтикалық субстанциялар, балк-өнімдер, шикізат және материалдар импортталған кезде ғана қажет болады. Себебі бұл өнімдер мемлекеттік тіркеуден өтпейді.

    Ал мемлекеттік тіркеуден өткен дәрілік заттарды импорттау кезінде мұндай құжат талап етілмейді. Өйткені олардың медициналық мақсатта қолданылуы мемлекеттік тіркеу арқылы расталады. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тізілімінде көрсетілген.

    Қазақстанда дәрілік заттарды өндіруге арналған фармацевтикалық субстанциялар мен балк-өнімдерді импорттау кезінде ҚҚС-тан босату үшін импорттаушының дәрілік заттарды өндіруге лицензиясы және тауарды нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі болуы қажет.

    Тіркелмеген дәрілік заттарды елге әкелу тәртібі өзгерген жоқ. Олар бұрынғыдай Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген рұқсат беру тәртібі бойынша импортталады.

    Енгізілген өзгерістер дәрілік заттарды импорттау кезінде артық әкімшілік рәсімдерді азайтуға және ҚҚС бойынша қолданыстағы талаптарды түсінікті әрі біркелкі қолдануға мүмкіндік береді.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2600000542/

    Ұқсас материалдар

    Тізілім

    Қазақстан Республикасынан жариялануға жататын уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер тізілімі

    Қазақстан Республикасынан жариялануға жататын уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер тізілімі

    Кесте

    2026 жылғы тамызға арналған тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне объектілерді инспекциялау кестесі

    2026 жылғы тамызға арналған тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне объектілерді инспекциялау кестесі

    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

    Жоба

    2026 жылға арналған "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру

    2026 жылға арналған "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру

    Жоспар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары

    Хабарландыру

    Құрметті субъектілер!

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызметттерді цифрландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, Еуразиялық экономикалық одақ...

    Тізілім

    2026 жылғы 06 тамыздағы жағдай бойынша сертификаттар иелерінің тізілімі

    2026 жылғы 06 тамыздағы жағдай бойынша сертификаттар иелерінің тізілімі

    Тізілім

    «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 365-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 365-НҚ бұйрығына өз...