Жарма ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған талдамалық анықтама

    Жарма ауданының әкімдігі

    Жарма ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған талдамалық анықтама

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 - тармағына сәйкес Жарма ауданының мемлекеттік мекемелерінде 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

    1) объектінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талдау объектілері ретінде келесі мемлекеттік органдар айқындалды:

    • «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ;
    • «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының қаржы бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
    • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ;
    • Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма Су» КМК;
    • Жарма ауданы әкімдігінің «Горводхоз» КМК;
    • Қала, кент және ауылдық округ әкімдіктері.

    «Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ:

    Талдау барысында «IT&M» ЖШС мен Геологиялық барлау колледжінен келіп түскен өтініштерді қарау кезінде заңнама талаптарының толық сақталмау фактілері анықталды.

    Атап айтқанда, жекелеген өтініштер бойынша көтерілген мәселелер жан-жақты зерделенбей, толық әрі уәжді жауаптар берілмеген. Нәтижесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органдарға қайта жүгіну жағдайлары орын алған.

    Сонымен қатар, өтініштердің толық көлемде қаралмауына байланысты бөлім қабылдаған шешімдер мен берілген жауаптарға сот тәртібімен шағымдану фактілері тіркелген.

    Аталған жағдайлар бір мәселелер бойынша қайталама өтініштердің көбеюіне, мемлекеттік органдарға түсетін жүктеменің артуына алып келуде және өтініштерді қараудың сапасы мен толықтығына ведомстволық бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді.

    «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ:

    2026 жылғы 14 сәуірдегі №ЖТ-2026-01514843 азамат Е. Ағзамның өтінішін қарау барысында оның толық және уақтылы қаралмау фактілері анықталды.

    Жекелеген жағдайларда өтініштерге берілген жауаптарда қойылған сұрақтар бойынша толық әрі жан-жақты түсіндірмелер қамтылмаған, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып тиісті негіздемелер келтірілмеген. Бұдан бөлек, кейбір жауаптарда нормативтік құқықтық актілерге дұрыс емес немесе толық емес сілтемелер берілген.

    «Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ:

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабының және «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 8, 9-баптарының талаптарына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері көзделгеніне қарамастан, жауапты құрылымдық бөлімшемен 31 атаудағы азық-түлік тауарлары бойынша баға мониторингі уақтылы жүргізілмеген.

    Аталған бұзушылық лауазымдық міндеттердің тиісінше орындалмауын және ішкі бақылау деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Нәтижесінде халық тарапынан шағымдардың туындау қаупі сақталып, мемлекеттік орган қызметіне деген сенім деңгейінің төмендеу тәуекелі артады.

    «Қапанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ:

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 2-тармағына сәйкес конкурс құжаттамасы, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулар барысында орналастырылатын ақпарат қазақ және орыс тілдерінде әзірленуге тиіс. Алайда Қапанбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында техникалық ерекшелік тек орыс тілінде ғана орналастырылып, мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) ұсынылмаған, бұл аталған бап талаптарының бұзылуын білдіреді.

    «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ:

    Қаратөбе ауылдық округі әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты бас маманы Д. Нұрсапинованың әрекеттері мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылу қаупіне әкеліп, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау фактісін көрсететіні анықталды.

    2026 жылғы 28 наурызда «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы №KZ30RVX01794073 өтініш келіп түскен, ол белгіленген мерзімде Жарма ауданының жер қатынастары бөліміне уақтылы жолданбаған, нәтижесінде оны қайта жолдау мерзімі бұзылған.

    Осылайша, анықталған факт лауазымдық міндеттердің уақтылы орындалмауы және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің бар екенін көрсетеді.

    «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ:

    Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес антенналық-діңгек құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын алу жөнінде бірнеше рет тапсырма берілген (2026 жылғы 2 ақпандағы №32 хаттама, орындау мерзімі – 2026 жылғы 31 наурызға дейін).

    Алайда Жарма ауданының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ аталған тапсырманы белгіленген мерзімде орындамаған. Нәтижесінде 3 антенналық-діңгек құрылыс бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылмаған, тиісінше оң қорытындылар алынбаған.

    Көрсетілген факт жауапты лауазымды тұлғалардың өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамауын және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын уақтылы орындауға бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс тобы мынадай ұсынымдар береді:

    1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес сапалы, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету. (Жер қатынастары бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі).
    2. Жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы түзетуді, сондай-ақ белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын алуға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз ету. (Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі).
    3. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізуді қамтамасыз ету. (Барлық мемлекеттік органдар).
    4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау және мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. (Барлық мемлекеттік органдар).
    5. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету. (Барлық мемлекеттік органдар).
    6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 атауы бойынша бағаларға тұрақты мониторинг жүргізу және негізсіз баға өсіміне жол бермеу шараларын қабылдау. (Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі).

    Аппарат басшысы К. Шаймуратов

    Бөлім басшысының

    міндетін атқарушы А. Базыкенов

    Жүктеу
    394f4c1a98a86dbe4f132122917ca919_original.24654.docx
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    «Абай облысы Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    «Абай облысы Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласында Жарма ауданы аумағында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республ...

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Жоспар

    2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Абай облысы Жарма ауданы Белтерек ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Абай облысы Жарма ауданы Белтерек ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Жарма ауданының Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулы

    Жарма ауданының Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулы

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Жарма ауданының Белтерек ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы қаулы

    Жарма ауданының Белтерек ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы қаулы

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 09.00-де Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

    2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 09.00-де Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 09.00-де Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.

    2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 09.00-де Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    «Абай облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ, Кезеңсу, Кентарлау, Шуақ ауылдарын дамыту және салу схемасын (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу» қала құрылысы жобасына қоршаған ортаға әсер ету скринингін қарау туралы

    Хабарландыру «Абай облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ, Кезеңсу, Кентарлау,Шуақ ауылдарын дамыту және салу схемасын (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу»қала құрылысы жобасына қоршаған орт...

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Жарма ауданы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

    Жарма ауданының әкімдігіЖарияланды: