Хабарландыру
«Абай облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ, Кезеңсу, Кентарлау,Шуақ ауылдарын дамыту және салу схемасын (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу»қала құрылысы жобасына қоршаған ортаға әсер ету скринингін қарау туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭҚ материалдары) келіп түсті:
- Құжаттардың әсерін скрининг бойынша есеп:
- «Абай облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылын дамыту және салу схемасын (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу (түзету)»;
- «Абай облысы, Жарма ауданы, Кентарлау ауылын дамыту және салу схемасын (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу (түзету)»;
- «Абай облысы, Жарма ауданы, Кезенсу ауылын дамыту және салу схемасын (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу (түзету)»;
- «Абай облысы, Жарма ауданы, Шуақ ауылын дамыту және салу схемасын (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірлеу (түзету)»;
Жобалау ұйымы (әзірлеуші): "EUROBASIS" ЖШС ("ЕВРОБАЗИС")".
СЭО материалдарына тапсырыс беруші: «Абай облысы Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-і.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ете ала ма, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭҚ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:
- құрылыстың бірінші кезегі-2030 ж.;
- есептік мерзім-2050 ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 04 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 17 Қыркүйек).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел. 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83
e-mail:[email protected] ; [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жіберуге болады:
- электронды түрде эл. экология министрлігі кеңсесінің мекенжайы: [email protected] (құжаттарыңызды кеңседе +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы алғаныңызды міндетті түрде нақтылау қажет);
-e-mail-де: [email protected]; [email protected]
- "WhatsApp" нөміріне 8 707-617-31-74
СЭҚ бойынша материалдар орналастырылған:
1) Экология министрлігінің сайтында ("қызмет" бөлімі - "Негізгі құжаттар" бөлімі - "Стратегиялық экологиялық бағалау" бөлімі)
2) Тапсырыс берушінің сайтында - https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-garma