Тараз қаласының тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дағы «Дербес менеджер» сервисін жиі пайдалана бастады

    ·

    Тараз қаласының тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дағы «Дербес менеджер» сервисін жиі пайдалана бастады

    Тараз қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік құралдарын тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді жалпы кезекті күтпей алуға мүмкіндік беретін «Дербес менеджер» сервисіне сұраныс артып келеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалында хабарлады.

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мамандандырылған ХҚКО-дағы «Дербес менеджер» сервисін 1 309 адам пайдаланған. Ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл қызмет 176 рет көрсетілген. Осылайша, жүгінушілер саны 7 еседен астам артқан. Бұл тұрғындардың заманауи әрі қолайлы қызмет көрсету форматтарына қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

    Дербес менеджер қызметін алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ның ресепшн бөліміне жүгіну қажет. Дербес менеджер қызмет алушыларды кезектен тыс қабылдап, автокөлікті тіркеу, көлік құралдарын есепке қою және есептен шығару, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін алу бойынша құжаттарды рәсімдеуге толық сүйемелдеу көрсетеді. Мамандандырылған ХҚКО-ларда бұл қосымша сервистің құны 6 306 теңгені құрайды.

    Аталған сервис өз уақытын бағалайтын және мемлекеттік қызметтерді ұзақ күтпей, жайлы жағдайда алуды қалайтын азаматтар үшін ерекше қолайлы.

    Жүктеу
    03e39fb4d26b2e16315e9648d2c0790d_original.15953.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабы 2) тармақшасына, 84 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілі...

    Жарияланды:
    Басқа

    Көппәтерлі тұрғын үйлердің (КТҮ) кондоминиум объектісін басқару нысандары және басқару субъектілері бойынша тізілім

    Жарияланды:
    Басқа

    Өзіңнің сайлау учаскеңді тап

    https://t.me/sailau_zhambyl_bot https://sailau.e-zhambyl.kz/sailau/

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес...

    Жарияланды:
    Басқа

    Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылдың І жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

    Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылдың І жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес аудан әкімдігіне қарасты жер...

    Жарияланды:
    Басқа

    Нысанға қатысты ұсынылған қызмет туралы өтінімге қатысты пікірлер мен ұсыныстардың жиынтық кестесінің хаттамасы

    Жарияланды:
    Басқа

    Қазақстан азаматтары қандай жағдайларда тегін өзгерте алады

    Қазақстан азаматтары қандай жағдайларда тегін өзгерте алады Қазақстан тұрғындары белгілі бір негіз болған жағдайда тегін өзгертуге құқылы. Бұл мемлекеттік қызметтің қандай жағдайларда көрсетілетіні және оны қалай рәсімде...

    Жарияланды:
    Басқа

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің т...

    Жарияланды: