Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдарының
2026 жылдың І жартыжылдығында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар тарапынан 192 мемлекеттік қызмет түрін, кіші түрімен қоса алғанда 205 қызмет түрін көрсетеді.
Оның ішінде:
- Электрондық түрде - 163 қызмет (85%);
- Қағаз түрінде - 9 қызмет (4,6%);
- Азаматтарға арналған үкімет – 20 қызмет (10,4%).
Ағымдағы жылдың 6 айында барылығы - 785 (қағаз түрінде/баламалы түрде) қызмет көрсетілді.
Мерзімін бұзу фактісі тіркелген жоқ (2024 жылы-13 факт).
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 45 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы.
2026 жылдың І жартыжылдығыындаа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 35 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес І жартыжыылдығында 2 мекемеге (Алға ауылдық округі әкімінің аппараты, Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі) ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді. Нәтижесі бойынша ұсынымдар енгізіліп, бүгінгі күнге ұсынымдар толық орындалды.