Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2026 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы
Өнеркәсіптік өндірісте өнім 404 256,8 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 80 824,0 млн. теңгеге немесе 25,0%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 323 432,8 млн. теңге), нақты көлем индексі – 93,8%.
Жоспар тапсырма:373 560,7 млн. теңге, нақты – 404 256,8 млн. теңге. Орындалуы – 108,2%.
Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 381 076,8 млн. теңгені құрайтын өнім өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес деңгейінен 76 113,5 млн. теңгеге немесе 25,0%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 304 963,4 млн. теңге), нақты көлем индексі – 92,0%.
Жоспар тапсырма:351 057,2 млн. теңге, нақты – 381 076,8 млн. теңге. Орындалуы – 108,6%.
Өңдеу өнеркәсібінде тауар өнімдерінің және көрсетілген қызметтерінің көлемі 19 140,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 558,2 млн. теңгеге немесе 22,8%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 15 582,3 млн. теңге), нақты көлем индексі – 120,0%.
Жоспар тапсырма:19 792,3 млн. теңге, нақты – 19 140,5 млн. теңге. Орындалуы – 96,7%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15 068,5 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 3 863,5 млн. теңгеге немесе 34,5%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 11 205,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 103,6%.
Жоспар тапсырма:12 325,5 млн. теңге, нақты – 15 068,5 млн. теңге. Орындалуы – 122,3%.
Ірі қара мал басының саны 105 899 басты құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейіне өсу қарқыны 122,7%-ды құрады (+ 19 601 бас, 2025 жылғы 6 ай – 86 298 бас).
Қой мен ешкі саны 265 579 басты құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 115,3%-ды құрады (+ 35 205 бас, 2025 жылғы 6 ай – 230 374 бас).
Жылқы басы 60 881 басты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 120,3%-ды құрады (+ 10 261 бас, 2025 жылғы 6 ай – 50 620 бас).
5 485,7 тонна ет өндіріліп өткен жылдың сәйкес деңгейінен 309,9 тоннаға немесе 6,0%-ға артты, сүт өнімі 14 831,1 тоннаны немесе 100,7%-ды құрады, жұмыртқа алу 1 900,6 мың дананы құрап, 9,1 мың данаға немесе 0,5%-ға артты.
Негізгі капиталдағы нвестицияның көлемі 15 566,6 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 638,9 млн. теңгеге немесе 4,3%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 14 927,7 млн. теңге), нақты көлем индексі – 99,4%.
Жоспар тапсырма:24 576,7 млн. теңге, нақты – 15 566,6 млн. теңге. Орындалуы – 63,3%. Жеткізілген жоспар - тапсырма аса жоғары.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 681,5 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес деңгейінен 1 012,3 млн. теңгеге немесе 8,7%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 11 669,2 млн. теңге). НКИ – 102,1%.
Жоспар тапсырма:12 000,0 млн. теңге, нақты – 12 681,5 млн. теңге.Орындалуы – 105,7%.
4 010 шаршы метр тұрғын - үй іске қосылып, 2025 жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 115,4%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай – 3 476 ш. м.), тұрғын – үй салушылар есебінен 802,2 млн. теңге жеке инвестиция тартылды (орта есеппен 1 шаршы метрі - 220,0 мың теңге).
Жоспар тапсырма:3 248 шаршы метр, нақты - 4 010 шаршы метр. Орындалуы - 123,5%.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 13 529,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 176,4 млн. теңгеге немесе 19,2%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 11 353,5 млн. теңге), НКИ – 107,7%.
Жоспар тапсырма:12 857,4 млн. теңге, нақты – 13 529,9 млн. теңге. Орындалуы – 105,2%.
Көтерме сауда көлемі 3 740,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны - 86,1%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай – 4 341,3 млн. теңге), нақты көлем индексі – 77,7%
Жоспар тапсырма:4 914,4 млн. теңге, нақты – 3 740,0 млн. теңге. Орындалуы – 76,1%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 2 192 бірлікті, өсу қарқыны - 92,6%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай – 2 367 бірлік).
Жоспар тапсырма:2 392 бірлік, нақты – 2 192 бірлік. Орындалуы – 91,6%. *Жоспар – тапсырма аса көтеріңкі.
Меншік кірістерінің көлемі 3 296,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 76,3%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай – 4 323,0 млн. теңге).
Оның ішінде 4-ші деңгейлі бюджетке түскен салықтар көлемі 444,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 72,0 млн. теңгеге немесе 19,3%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 372,2 млн. теңге).
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы Н. Сейтказина
Орын: М. Аккулова