Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — қоғам сенімінің негізі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықты қамтамасыз етуге, әділеттілікті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық көріністері қоғамның дамуына зиян келтіріп, мемлекеттік органдардың тиімді жұмысына кедергі жасап, халықтыңсенім деңгейін төмендетіп, әлеуметтік-экономикалық дамуға теріс әсер етеді.Қазіргі уақытта адалдық, ашықтық, жауапкершілік және заңнаманы сақтау қағидаттарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда қоғамдық бақылау, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық диалог, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес — мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы адалдық, ашықтық және өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген ортаны қалыптастыруға болады. Заңдылық пен әділеттілік — қоғамдық сенім мен елдің тұрақты дамуының басты негізі.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ аға лейтенанты Тапалов А.Б