Ақсу қаласының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Павлодар облысы Ақсу қаласының құрылған күні - 1961 жылы.

    Қала әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Ақсу қаласының әкімдігі жүзеге асырады .

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Дауыс беру үшін екі кабинаға кіруге бола ма?

    Жауап

    Мүмкін емес. Заң бойынша дауыс беру құпия болуы керек. Бұл дегеніміз, ешкім, тіпті жұбайы немесе жақын досы да толтырылған сайлаушылар бюллетенін көрмеуі керек. Алайда, бұл ережеден жалғыз ерекшелік бар: егер сайлаушының бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаса (әдетте, бұл қарт адамдар, көру қабілеті нашар адамдар), ол басқа сайлаушының көмегін пайдалануға құқылы: 1) сайлау комиссиясының мүшелерін; 2) жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамдарын; 3) кандидаттың сенім білдірілген адамдарын; 4) журналист - бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін; 5) тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушыларын қоспағанда.

    Сұрақ

    Сайлаушы сайлау учаскесіндегі бұзушылықтар туралы кімге хабарлай алады?

    Жауап

    Ресми жолмен жүріп, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына немесе аумақтық сайлау комиссиясына, сондай - ақ құқық қорғау органдарына (бірінші кезекте-прокуратураға) шағым жазуға болады.

    Сұрақ

    Үміткерлер туралы сенімді ақпаратты қайдан табуға болады?

    Жауап

    Кандидаттар туралы объективті, құжатталған және тексерілген ақпаратты Сіз учаскелік сайлау комиссиясының ақпараттық стендінен көре аласыз. Сонымен қатар, Сіз бұл ақпаратты тиісті сайлау комиссиясының Интернет желісіндегі ресми сайтынан біле аласыз.

    Сұрақ

    Егер сайлаушы дауыс беру күні 18 жасқа толса, олар дауыс бере ала ма?

    Жауап

    Дауыс беру күні 18 жасқа толған сайлаушы сайлауда дауыс беруге құқылы. Егер сайлаушы қандай да бір себептермен сайлаушылар тізіміне енгізілмесе, онда комиссия белсенді сайлау құқығы бар тұрғылықты жері бойынша тіркелген сайлаушыны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы дереу шешім қабылдайды.

    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен97,52млн АҚШ долларына 435 046 алушыға төлем жасалды. Оның ішінде286 548алушығажалпы сомасы63,82млн АҚШ долларытұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал148 498 алушыға 33,69 млнАҚШ долларыбілім алуға ақы төлеу үшін аударылды. 2026 жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша НЖ төлемдерін жалпы сомасы66,24млн АҚШ долларына239 649қазақстандықалды. Бұл ретте164 543алушығатұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында44,39млн АҚШ долларынанастам, ал75 106алушығабілім беру ақысын төлеуге21,85млн АҚШ долларыаударылды. Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Тұрғын үй жағдайларын жақсартубағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру. Осы мақсат бойынша162 626алушығажалпы сомасы 43,73 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсатында 1001 жас қазақстандыққа 244,20 мың АҚШ доллары, ал азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) мақсатында 576 қазақстандыққа 141,19 мың АҚШ доллары төленді. Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Төлемдер әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша 70 655 азаматқа жалпы сомасы шамамен 20,62 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүргізілді. Мына бағыттар да сұранысқа ие болды: білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыруға 3 287 алушыға жалпы сомасы 868,14 мың АҚШ доллары аударылды. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы бойынша бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде 1 071 азаматқа 282,76 мың АҚШ доллары бағытталды. Еске салайық, нысаналы талаптарды есептеу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады. Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу үшін олардың мұрагерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады. 2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мұрагерлерге жалпы сомасы 80,55 мың АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Бұл қаражатты 249 азамат алды. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегітолық ақпаратпенenpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын. 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі. Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) : - үшінші жыл - 370 доллар 56 цент; - екінші жыл - 263 доллар 93 цент; - бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет: -eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер"; -екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар: ·"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу), ·"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу), ·"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуғапайдаланужөніндегістатистикаменenpf.kz сайтында танысуға болады. kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0 «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша «Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU Алдабергенова Р.Ш Ақсу қ.ҚКО бастығы «БЖЗҚ» АҚ

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Ақсу қаласы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

    Ақсу қаласы әкімі аппараты «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамынаенгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді: –Тдене шынықтыру және спорт; –Тсәулет, құрылыс және қала құрылысы; – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада, кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет. Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттіккеeqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және[email protected]электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер: а.ж. 16-17 қараша аралығы.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

    Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен(2026 жылғы 12 қазандағы № 1521) барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 29 қарашаға мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады(2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98).Аталған сайлаудың өткізу тәртібі мен шарттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен егжей-тегжейлі регламенттелген.Сайлау тағайындалған сәттен бастап Павлодар облысының прокуратурасы осы сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды (2026 жылғы 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады).Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт – сайлаушыларды белгілі бір кандидатқа, саяси партияға дауыс беруге немесе оларға қарсы дауыс беруге қатысуға ынталандыру мақсатын көздейтін қызмет екенін түсіндіреміз.Бұл ретте заңнамада кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік беретін және оны қорғайтын, сондай-ақ олар туралы жалған мәліметтерден қорғайтын нормалар көзделген.Атап айтқанда, депутаттыққа кандидаттарға немесе олардың сенім білдірілген адамдарына, саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығын іске асыру барысында кедергі келтіргені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 103-бабында жауаптылық көзделген.Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлау нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау ӘҚБтК-нің 104-бабы бойынша жазаға әкеп соғады.Өз кезегінде, жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметіне байланысты жазбаша келісімінсіз қызметтер көрсетуіне тыйым салынады және бұл ӘҚБтК-нің 118-бабы бойынша құқық бұзушылық құрамын құрайды.Аталған Конституциялық заңның 27-бабы 9-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгітті сайлаушыларға тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікті шарттармен ұсынумен, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізумен, ақша төлеумен не осындай игіліктерді беруге уәде етумен ұштастыра жүргізуге де тыйым салынады.Бұл әрекеттер сайлаушыларды сатып алу және сайлау алдындағы үгітті тиісінше жүргізбеу, оны өткізу шарттарын бұзу ретінде сараланады және ӘҚБтК-нің 122-бабының 2-бөлігі бойынша жазаға әкеп соғады.Сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, төсбелгілерді, тулар мен жалаушаларды тегін тарату бұған жатпайды.Сайлау алдындағы үгітті бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар арқылы жүргізу шарттары осы заңның 27-бабының 7 және 7-1-тармақтарында бекітілгенін ерекше атап өтеміз, оларға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары:– кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауға;– кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан бас тартуға; – аталған тұлғаларға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды баспа басылымының жақын арадағы нөмірінде теріске шығарылатын хабарлама немесе материал жарияланған көлемде, сол қаріппен және сол орында тегін жариялау мүмкіндігін беруге міндетті.Осы талаптарды сақтамау ӘҚБтК-нің 112-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде мынадай құқық бұзушылық құрамдары да кең таралған:– ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша анонимдік үгіттеу материалдарын, яғни аталған Конституциялық заңның 28-бабы 5-тармағында талап етілген міндетті деректемелері жоқ материалдарды дайындау немесе тарату (барлық үгіттік баспа материалдарында оларды шығарған ұйым, басып шығарылған орны мен таралымы, тапсырыс берген тұлғалар, қандай қаражат есебінен төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс).Бұл талаптар онлайн-платформаларды пайдаланушыларға олар үгіттеу материалдарын шарт негізінде дайындаған жағдайда қолданылады.– ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша үгіттеу материалдарын қасақана жою немесе бүлдіру.– ӘҚБтК-нің 120-бабы бойынша сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу.Сонымен қатар сот депутаттыққа кандидаттардың немесе олардың сенім білдірілген адамдарының, саяси партиялардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратуы, сондай-ақ сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған жағдайда әкімшілік жауаптылық қана көзделмейтінін ескеру қажет. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 104-бабының талаптарына сәйкес мұндай құқық бұзушылықтар тиісті сайлау комиссияларының осы кандидаттарды немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімдерінің күшін жоюға не адамды партиялық тізімнен шығаруға әкеп соғады.Бұл ретте сайлау құқықтарына қол сұғатын барлық құқық бұзушылықтар (ӘҚБтК-нің 101–126-баптары) бойынша іс қозғау прокурордың айрықша құзыретіне жататынын атап өтеміз (ӘҚБтК-нің 805-бабы).Сонымен бірге азаматтар өздерінің сайлау құқықтары бұзылған жағдайда сотқа тікелей өз бетінше жүгінуге құқылы (ӘҚБтК-нің 807-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы).Бұл жағдайда осы санаттағы істерді соттар бірден (прокурордың қаулысыз), бірақ прокурордың міндетті қатысуымен қарайды (сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық құрамдары бойынша: ӘҚБтК-нің 101–126-баптары).2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлаудың қоғам мен тұтастай ел үшін ерекше маңызы мен мәнін ескере отырып, оны өткізу барысында сайлау науқанының барлық қатысушылары заңда белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс.Әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша біз заңда көзделген барлық құқықтық шараларды қабылдайтын боламыз.

    Жарияланды:
    Қаулы

    Шығып кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы

    Жарияланды:
    Қаулы

    Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

    Жарияланды:
    Қаулы

    Шығып кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін тагайындау туралы

    Жарияланды: