Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2026 жылдың 6 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 597 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29% - ға артық (845 хабарлама), 331 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға аз (352 хабарлама).
Басқармаға 2026 жылдың 6 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 918 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 488 (53%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 430 (47%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 29% - ға аз (709 акт, 323 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 386 бас тартылды (53%).
2026 жылдың 6 айында Басқарма 39 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% - ға аз (35 бақылау-қадағалау іс-шарасы).
2026 жылдың 6 айында заңнаманы бұзғаны үшін 326 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 есе көп ( 69 әкімшілік іс):
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 12 іс (4 757 500 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (605 500 теңге. 314-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 64 іс (16 530 150 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 3 іс (2 162 500 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 2 іс (2 162 500, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 20 іс (6 747 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 6 іс (778 500 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 6 іс (432 500 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 7 іс (302 750,462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 6 іс (45 413 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 190 іс (28 132 042 теңге, 464-бап).
Оның ішінде 190 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 66 280 706 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе көп ( 25 123 616 теңге). Оның ішінде басқарма 64 756 143 теңге салды (өндіріп алу 49 653 224 теңгені немесе 77% - құрайды, қалған 23% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 1 524 563 теңге салды .
2026 жылдың 6 айында 270 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 187 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38% - ға аз ( 300 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 76 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% - ға аз ( 127 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 7 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% - ға артық ( 6 аккредиттеу туралы куәлік).