Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2026 жылдың 8 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 809 хабарлама қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% - ға аз (1108 хабарлама), 438 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,2% - ға аз (437 хабарлама).
Басқармаға 2026 жылдың 8 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1117 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 584 (52%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 533 (48%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 13% - ға артық (988 акт, 470 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 518 бас тартылды (53%).
2026 жылдың 8 айында Басқарма 49 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% - ға артық (48 бақылау-қадағалау іс-шарасы).
2026 жылдың 8 айында заңнаманы бұзғаны үшін 344 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 есе көп ( 97 әкімшілік іс):
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 14 іс (6 920 000 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (605 500 теңге. 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (108 126 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 65 іс (16 789 650 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 6 іс (5 406 250 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 8 іс (1 319 125 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 3 іс (3 243 750, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 20 іс (6 747 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 8 іс (1 232 625 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 6 іс (432 500 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 9 іс (1 167 750, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 6 іс (45 413 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 190 іс (28 132 042 теңге, 464-бап).
Оның ішінде 190 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 72 422 207 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,96 есе көп ( 37 005 370 теңге). Оның ішінде басқарма 70 540 831 теңге салды (өндіріп алу 50 529 073 теңгені немесе 72% - құрайды, қалған 28% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 1 524 563 теңге салды .
2026 жылдың 8 айында 332 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 230 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39% - ға аз ( 380 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 90 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз ( 159 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 12 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық ( 6 аккредиттеу туралы куәлік).