Соснов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Соснов ауылдық округі әкімінің «Меңдіқара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 244 «Меңдіқара ауданының 2025–2028 жылдарға арналған ауылдардын, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімін іске асыру туралы» мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Соснов ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларына тиісінше, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде орындауға қабылдансын:
1) кірістер – 42 718,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 19 505,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 23,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 1 100,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 22 090,1 мың теңге;
2) шығындар – 43 122,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 404,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 404,6 мың теңге»
- 2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.