1-бөлім. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер
2026 жылдың 1 шілдедағы жағдай бойынша ауылдық округ халқының саны 1 308 адам, отбасы саны – 499, аула саны – 459.
Ауыл шаруашылығы:
Округ бойынша ІҚМ басы – 3 764 бас, жылқы – 2 404 бас, ұсақ мал – 3 289 бас, шошқа – 3 055 бас, құс – 4 830 бас.
Ауылдық округтің жалпы аумағы – 102 ,1 мың га, оның ішінде: егістік – 41,4 мың. га, жайылымдық – 36,8 мың. га, елді мекендердің жерлері – 11,4 мың. га.
Кәсіпкерлік
Ауылдық округте сауда саласында 28 шағын кәсіпкерлік субъектісі,оның ішінде саласында 9, қоғамдық тамақтандыруда 2, мал шаруашылығында 6, басқа саларда 11 субъекті.
Білім
Соснов ауылдық округінің аумағында 2 мектеп бар:
- Харьковское ауылындағы Сосновская орта мектепте – 159 оқушы, мектепке дейінгі 13 бала.
- Каменскуральское ауылындағы Каменскуральская орта мектепте – 77 оқушы, мини центр мен мектепке дейінгі 11 бала.
Харьковское ауылында «Ақбота» бала бақшасы жұмыс істейді, балалар саны – 35, тәрбиешілер саны – 4.
Денсаулық сақтау
Ауылдық округ тұрғындарына медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі:
- Харьковское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт,
- Каменскуральское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт. Барлық фельдшерлік-акушерлік пункттер медициналық қызметкерлермен қамтылған және медициналық жабдықтармен жабдықталған.
Мәдениет
Мәдениет мекемелерінің желісі екі кітапханамен және мәдениет үйімен ұсынылған.
Харьков ауылында кітап қоры бар ауылдық кітапхана жұмыс істейді – 13 723 дана, оқырмандар саны – 650 адам. Кітап беру – 14 950 кітап.
Каменскуральское ауылында кітап қоры бар ауылдық кітапхана жұмыс істейді – 3 005 дана, оқырмандар саны – 475 адам. Кітап беру – 10 925 кітап.
Харьков ауылындағы мәдениет үйінде: би, вокалдық және қолдан жасалған оригами үйірмелері өткізіледі. Келу саны 50 адам.
2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына сәйкес жүзеге асырылды.
Меңдіқара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 238 «Меңдіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен 2026-2028 жылдарға арналған ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі бекітілді.
«Меңдіқара ауданының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 244 «Меңдіқара ауданының ауыл, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімімен Соснов ауылдық округінің бюджеті белгіленді.
«Меңдіқара ауданы мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы No 244 «2026-2028 жылдарға арналған Меңдіқара ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Меңдіқара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 шілдедегі No 283 шешімімен ауылдық округ бюджетіне өзгерістер енгізілді.
Бөлім 2 «Бюджет түсімдері мен шығыстары Соснов ауылдық
округі»
Түсімдер
Соснов ауылдық округінің кірістері (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 2026 жылға – 20 628,0 мың. теңге, 2027 жылға – 21 101,0 мың. теңге, 2028 жылға – 21 824,0 мың. теңге.
Аудандық бюджеттен ауыл бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі «Меңдіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 244 шешімімен бекітілген, 2026 жылға – 21 651,0 мың теңге, 2027 жылға – 21 852,0 мың теңге, 2028 жылға барлығы 21 833,0 мың теңге көлемінде. Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер 2026 жылға – 439,1 мың теңге, 2027 жылға – 9 761,0 мың теңге, 2028 жылға – 350 000,0 мың теңге.
Кірістер
мың теңге
Атауы |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
Кірістер, оның ішінде: |
42 718,1 |
52 714,0 |
393 657,0 |
Салықтық түсімдер |
19 505,0 |
20 001,0 |
20 694,0 |
Салықтық емес түсімдер |
23,0 |
0,0 |
0,0 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
1 100,0 |
1 130,0 |
1 130,0 |
Трансферттер түсімдері, оның ішінде: |
22 090,1 |
31 613,0 |
371 833,0 |
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
439,1 |
9 761,0 |
350 000,0 |
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен субвенциялар |
21 651,0 |
21 852,0 |
21 833,0 |
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
Салық төлемдерінің жалпы көлемінде негізгі үлес жеке табыс салығына 12 109,0 мың.теңге немесе 62,1 %, сомасында жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдароына салық бойынша 4 673,0 мың. теңге немесе 24 % сомасында келеді.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер осы санат бойынша жер және материалдық емес активтерді сатудан 1 100,0 мың теңге немесе жалпы түсімнің 100% сомасында түсімдер жоспарланған.
Кірістер 2026 жыл
Кірістер 2027 жыл
Кірістер 2028 жыл
2027 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістерінің (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) болжамы 21 101,0 мың. теңге мөлшерінде анықталды.
2028 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістерінің (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) болжамы 21 824,0 мың.теңге мөлшерінде анықталды.
2026-2028 жылдарға арналған субвенция (аудандық бюджеттен аударылған бюджеттік қаражат) сәйкесінше 21 651,0 мың. теңге, 21 852,0 мың. теңге және 21 833,0 мың.теңгені құрайды.
Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер 2026 жылға – 439,1 мың теңге, 2027 жылға – 9 761,0 мың теңге, 2028 жылға – 350 000,0 мың теңге.
Шығындар
Соснов ауылдық округінің 2026 – 2028 жылдардарға арналған, 2026 жылға – 43 122,7 мың.теңге, 2027 жылға – 52 714,0 мың. теңге, 2028 жылға – 393 657,0 мың. теңге мөлшерінде анықталды.
мың теңге
Атауы |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
Шығындар |
43 122,7 |
52 714,0 |
393 657,0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
36 552,1 |
36 120,0 |
36 590,0 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2 690,0 |
2 831,0 |
2 967,0 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
2 180,0 |
2 200,0 |
2 200,0 |
Көлік және коммуникация |
1 700,0 |
11 563,0 |
351 900,0 |
Шығындар 2026 жыл
Шығындар2027 жыл
Шығындар2028 жыл
Соснов ауылдық округі бюджетінің басым шығыстары 2026-2028 жылдарға арналған
Осы топ бойынша өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін штат саны 5 бірлік Соснов ауылдық округі әкімі аппаратын ұстауға арналған шығындар көзделген.
мың теңге
Іс-шаралар атауы |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер. |
36 552,1 |
36 120,0 |
36 590,0 |
Мәдениет, спорт саласындағы шығыстар,
туризм және ақпараттық кеңістік
Осы функционалдық топта дене шынықтыру мен спортты дамыту, халық арасында бұқаралық ұлттық спорт түрлерін өткізу үшін спорт бойынша әдіскерді ұстауға арналған шығыстар көзделген.
мың теңге
Іс-шаралар атауы |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізу |
2 180,0 |
2 200,0 |
2 200,0 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 8 488,0 мың. теңге қарастырылды, оның ішінде 2026 жылы – 2 690,0 мың. теңге, 2027 жылы – 2 831,0 мың. теңге, 2028 жылы – 2 967,0 мың. теңге
мың теңге
Іс-шаралар атауы |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
1 690,0 |
1 791,0 |
1 881,0 |
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
450,0 |
468,0 |
486,0 |
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
550,0 |
572,0 |
600,0 |
АЕМ көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша 110 дана көше шамдарын ұстау және тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша іс-шаралар көзделген.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін қалдықтарды жинау және шығару шаралары қарастырылған.
Ауылды абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша саябақты көгалдандыру, стадион мен саябақты ағымдағы жөндеу, ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру көзделген, баннерлердіөндіру және ауыстыру.
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар ұзындығы 33,7 км ауылдық округтің елді мекендеріндегі жолдардың көшелердің жұмыс істеуі мен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Көлік және коммуникация саласына облыстық бюджеттен трансферттер қарастырылған:
- 2027 жылы Каменскуральское ауылының Новая көшесіне орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9 761,0 мың теңге,
- в 2028 жылы Харьковское ауылындағы Придорожная, Жастар көшелеріне және Жастар көшесіне дейінгі жолаққа және Каменскуральскон аулындағы Ленин және Набережная көшелеріне орташа мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізуге 350 000,0 мың теңге.
мың теңге
Іс-шаралар атауы |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, поселкелерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету |
1 700,0 |
11 563,0 |
351 900,0 |
2026-2028 жылдарға арналған трансферттер
Осы функционалдық топ бойынша жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген 0,6 мың теңге сомасында толық пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттерді қайтару көзделген.