«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 233-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) хабарлауды;
2) мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасының 2026 жылғы 27 шілдедегі № -0/41910-ВН қызметтік жазбасы.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасыБ.Жүсіпов