Туризм және спорт саласында Министрлік 15 халықаралық ұйыммен ынтымақтастық орнатқан: Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Біріккен ұлттар ұйымының туризм жөніндегі ұйымы (БҰҰ Туризм), Еуропалық одақ (ЕО), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ).
Министрлік Қазақстан–Таиланд сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссиясының (деңгейі – министр) және Қазақстан–Литва туристік қызметтер мен өнімдерді ілгерілету жөніндегі жұмыс тобының (деңгейі – министрдің орынбасары) жұмыс органы болып табылады.
2025–2026 жылдары қол қойылған құжаттар:
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы 2025–2027 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум, 2025 жылғы 6 мамыр, Астана қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігі арасындағы туризм саласындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2025 жылғы 22 тамыз, Бішкек қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Спорт істері жөніндегі мемлекеттік бас басқармасы арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум, 2025 жылғы 31 тамыз, Бейжің қаласы;
- Пәкістан Ислам Республикасы Провинциялар арасындағы үйлестіру министрлігі мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум, 2025 жылғы 29 сәуір, Исламабад қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Словения Республикасы Экономика, туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум, 2025 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі арасындағы туризм саласындағы 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары, 2025 жылғы 15 қараша, Ташкент қаласы;
- Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум, 2025 жылғы 9 шілде, Анкара қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум, 2026 жылғы 29 маусым, Астана қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Үкіметінің Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум, 2026 жылғы 20 мамыр, Астана қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, спорт және жастар министрлігі арасындағы спорт саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум, 2026 жылғы 3 маусым, Астана қаласы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Спорт министрлігі арасындағы спорт саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум, 2026 жылғы 20 мамыр, Астана қаласы;
- Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм салаларындағы 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспары, 2026 жылғы 21 сәуір, Астана қаласы.