Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданыСарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында
берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
АҚПАРАТ
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы | |
1. |
Ауыл және ауылдық округтер аумақтарындағы иесіз қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін |
2025 жыл 3 тоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Ауыл тұрғындарының өтініштері негізінде қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін барлығы 747 қаңғыбас ит ауланды. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрғындардың өтініштері мен бекітілген жоспарға сәйкес алдағы уақытта да жалғасын табатын болады | |
2. |
Қосақ ауылындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастырсын |
2025 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Қосақ ауылының 5 көшесіне(Алатау 1, Алатау 2, Нұрлы жол, Қосқұдық, М.Мәметова)«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында орта жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қазан айында толық аяқталды | |
3. |
Сарыкемер ауылында кәріз жүйелері қарастырылмаған. Елді мекенде әлеуметтік және бюджеттік нысандардың, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің салынуына байланысты кәріз жүйелері құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін |
2025 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармалары, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Сарыкемер ауылына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленду. Жоба - 2026 жылдың ІIІ тоқсанына өтпелі болып табылады | |
4. |
Аудан орталығына заманауи талапта балаларға арналған оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге жер телімін анықтап, жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін |
2026 жыл 3 тоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Аудан орталығында заманауи талаптарға сай балаларға арналған Оқушылар сарайын салу мақсатында жер телімін айқындау және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу көзделген. Осыған байланысты Сарыкемер ауылының бас жоспарына өзгерістер енгізу барысында ауылдың батыс бөлігінен 300 орындық Оқушылар сарайын салу үшін жер телімі қарастырылды. Қазіргі таңда аталған Оқушылар сарайын салу жобасын Жамбыл облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде | |
5. |
2009-2015 жылдары Байзақ ауданы аумағынан «Интергаз» магистральдік құбырлары жер астымен жүргізілген. Зақымдалған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдасын |
2026 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
«Талап» шаруа қожалығының егістік жерінен «Интергаз» магистральдік құбырлары жер астымен жүргізілген, зақымдалған жер көлемі 6,0 гектарды құрайды. Егістік жерден құбыр өткені үшін шаруа қожалыққа өтемақы төленген, алайда зақымдалған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмегендіктен | |
6. |
Сарыкемер ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге болатын аумақтарды айқындау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілсін |
2026 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
2023 жылы бекітілген Сарыкемер ауылының бас жоспарына сәйкес, | |
7. |
Сарыкемер ауылы, Мәмбет батыр көшесінің бұрылысында орналасқан № 37 үй «Интергаз» магистральдік құбырларының қорғау аумағында салынған. Бұл ретте ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау мақсатында мәселенің шешу жолдарын қарастырсын |
2026 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Сарыкемер ауылдық округі аумағындағы «Интергаз» магистральдік құбырларының қорғау аймағына кіріп кеткен 37 ауланы заңдастыру мақсатында аудан әкімі тарапынан Ұлттық оператор «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ына «Амангелді – КС-5» магистральдық газ құбырының 178,5 км бөлігін бірінші санатқа ауыстыруды, қолданыстағы 530×7 мм газ құбыры учаскесін 530×9 мм ұзындығы 600 метр газ құбырына ауыстыру арқылы, магистральдық газ құбырының меншік иесінің есебінен, жобалық-сметалық құжаттамасына және мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес жүзеге асыруға ұсыныс хат жолданды | |
8. |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты №7 орта мектеп пен көп қабатты тұрғын үйлерге дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастырсын |
2027 жыл 3 тоқсан |
Байзақ ауданының әкімі |
Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектеп пен көпқабатты тұрғын үйлер арасындағы жаңа жаяу жүргіншілер жолы толығымен аяқталды | |