«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын айқындау туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихаттың шешім жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты нормативтік құқықтық актісін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 16 наурыздағы № 99 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 30 наурыздағы № 130 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 345 бұйрығы.
Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді қарастырады.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік–экономикалық және құқықтық салдарына әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2026 жылғы 23 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған.