Мәслихаттың 2022 жылғы 16 ақпандағы №114 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ұзынкөл ауданының мәслихаты

    Жоба

    Мәслихаттың 2022 жылғы 16 ақпандағы №114 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәслихаттың 2022 жылғы 16 ақпандағы №114 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы Н. Болатов

    Мәслихаттың 2026 жылғы

    « » тамыздағы №

    шешіміне қосымша

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының

    2022 жылғы «16» ақпандағы №114

    шешімімен бекітілген

    «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты»

    мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    1. Жалпы ережелер
    2. «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мәслихат аппараты) Қазақстан Республикасының Ұзынкөл аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға мәселелер бойынша көмек көрсететін мемлекеттік органы болып табылады.
    3. Мәслихат аппаратында ведомстволары жоқ.
    4. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    5. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    6. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
    7. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    8. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды
    1. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    2. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мүсірепов көшесі, 14.
    3. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
    4. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

    12.Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    2. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

    13.Міндеттері: негізгі міндет мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.

    1. Өкілеттіктер:

    1) құқықтар:

    Жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасауға;

    мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысуға;

    мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

    мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    2) міндеттері:

    мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;

    өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    1. Функциялар:

    мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

    мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;

    депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы тұрғындарды хабардар етуді қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;

    Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    3. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі

    16.Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

    17.Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

    1. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.

    19.Мәслихат аппаратының басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    20.Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    4. Мәслихат аппаратының мүлкі

    21.Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    22.Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    23.Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    2. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    Жүктеу
    b3575e1be7f836bd1923e497d565d5a1_original.77312.doc
    DOC · 76 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баспасөз-хабарлама

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 207 «Ұзынкөл ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы пресс релизі.

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 207 «Ұзынкөл ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгері...

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы» Ұзынкөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы «№ 202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы пресс релизі.

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы» Ұзынкөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы «№ 202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы....

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Баспасөз-релизі «Ұзынкөл ауданыдық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихаттың шешім жобасына

    БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ «Ұзынкөл ауданыдық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танутуралы» Ұзынкөл аудандық мәслихаттың шешім жобасына «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі...

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 203 «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» пресс-релизі

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 203 «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» ш...

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    2026 жылғы 17 тамыздағы №243 ШЕШІМІ Шығып қалғанның орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы

    2026 жылғы 17 тамыздағы №243 ШЕШІМІ Шығып қалғанның орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйк...

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    2026 жылғы 17 тамыздағы №242 ШЕШІМІ "Шығып қалғандардың орнына Ұзынкөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы"

    2026 жылғы 17 тамыз №242 ШЕШІМ Шығып қалғандардың орнына Ұзынкөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлаукомиссиясының мүшелерін сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақс...

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына баспасөз-релизі.

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімінің жобасы «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қа...

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Жоспар

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ

    Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ № р/н Іс-шараның атауы, отырыстың тақырыбы Аяқтау нысаны Орындау мерзімі Жауапты орындаушы Очередные сессии Узункольского районного маслихата 1. Ұзынкөл ау...

    Ұзынкөл ауданының мәслихатыЖарияланды: