«Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылғы 1 маусым -2026 жылғы 31 мамыр аралығына талдамалық АНЫҚТАМА

    Махамбет ауданының әкімдігі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 маусымдағы №80 «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

    • Саменова Назым Насипкалиевна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы, жұмыс тобының жетекшісі;
    • Ешекенова Кумис Тугеловна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маман- есепшісі;
    • Абуталина Айгуль Булатовна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;

    Негізгі талдау кезеңі: 2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығы.

    «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

    2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығы.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

    1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
    2. Мүдделер қақтығысын реттеу 3.Мемлекеттік қызмет көрсету
    3. Мемлекеттік сатып алу
    4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
    5. Мекемелерге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
    6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
    7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығы.

    Талдау кезеңі: 2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығы.

    «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы. Абай көшесі №13

    1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер, 6 азаматтық қызметкер бар.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылмады.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу

    Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2 түрінен мемлекеттік қызмет көрсетеді:

    1. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын.
    2. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

    Қызмет көрсету мерзімі- 28 жұмыс күні.

    2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығында, оның ішінде 2025 жылғы 1 маусымнан 31 желтоқсанға дейін - 13 мемлекеттік қызмет, 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 маусымға дейін 4 мемлекеттік қызмет, көрсетілген аралыққа барлығы 17 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділік анықталмады.

    1. Мемлекеттік сатып алу

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету бойынша жүйелі міндеттерді іске асырады. Есептіліктің барлық нысандары (статистика, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті платформаларда электрондық нысанда уақытылы ұсынылады.

    Мемлекеттік сатып алу 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу» Заңында белгіленген тәртіппен электрондық форматта ғана жүзеге асырылады. Процестің жариялығы мен қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру үшін бөлімнің Мемлекеттік сатып алу жоспары Веб – порталда орналастырылады. Жылдық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар айына 2 рет енгізіледі.

    Есепті кезеңде Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде барлығы 39 шарт жасалды:

    Бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен 18 сатып алу;

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен 3 сатып алу;

    Электронды дүкен тәсілімен 6 сатып алу;

    Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 5 сатып алу;

    Ашық конкурс тәсілімен 2 сатып алу, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-мен келісімшартқа отыру;

    Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілімен 5 сатып алу, оның ішінде жылыту қызметі, автокөлікті жөндеу, мерзімді баспа басылымдарын сатып алу.

    2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығында көрсетілген Мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділік анықталмады.

    1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

    1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

    Көрсетілген мерзім ішінде, 2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығында бөлімге заңды және жеке тұлғалардан бірлесіп орындаушы ретінде 13 өтініш келіп түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

    1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

    Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

    «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ауылдық, аудандық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және «Махамбет аудандық орталық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде ( бұдан әрі Махамбет аудандық орталық кітапханасы ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығы.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

    1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
    2. Мүдделер қақтығысын реттеу 3.Мемлекеттік қызмет көрсету
    3. Мемлекеттік сатып алу
    4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
    5. Мекемелерге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
    6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
    7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
    8. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары мекемелерінде және Махамбет аудандық орталық кітапханасында құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан бойынша 12 мәдениет үйінде 11 басшы қызметін, 1 басшының қызметін уақытша міндетін атқарушы атқаруда. (1 лауазымдық орны бос). Мәдениет үйлерінде барлығы 202 қызметкер, оның 89-ы шығармашылық қызметкерлер. Аудандық орталық кітапханасында 1 басшы, әр ауылдық кітапханаларда 11 меңгеруші мен барлығы 48 қызметкерлер, оның 25 шығармашылық қызметкерлер қызмет атқарады.

    Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мұқанғалиевтің Өтініштердің статистикасы оның ішінде өтініштерді қарау жұмыстарындағы кемшіліктер мен бұзушылықтар бойынша қызметтік жазбасына сәйкес, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі азаматтардың өтініштерін қарау базасында кемшіліктерге орын бергені, бұзушылық болғаны үшін «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Өнерпаз» аудандық мәдениет үйі» ҚМҚК басшысы Е.Идрисовке (16.02.2026ж №36) және «Сарытоғай ауылдық мәдениет үйі» КМҚК басшысы С.Рысқалиевке (05.05.2026ж №71) «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

    Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде 6 қызметкерге, «Ақтоғай ауылдық мәдениет үйі» КМҚК-да 1 қызметкерге «Ескерту» негізінде тәртіптік жазалар қолданылған.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылмады.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу

    2025 жылы «Жалғансай ауылдық «Шалқыма мәдениет үйі» КМҚК-нда мүдделер қақтығысы орын алғаны, мекемеде бір отбасы мүшелері, яғни мекеме басшысы өзінің жақын туысы – жұбайымен (зайыбымен) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқарып келгені анықталды. Атап айтқанда «Жалғансай ауылдық «Шалқыма мәдениет үйі» КМҚК басшысы Қайрат Жумашевтың (2018 жылғы 03 қаңтардан бастап аталған мекеменің басшысы) жұбайы Гульназым Нурбаева 2015 жылғы 15 қаңтардан бері әдіскер қызметін атқарып келген. (қаржылық, қызметтік қол қою құқығы берілген)

    Мекемедегі мүдделер қақтығысын жою және реттеу жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында ескертумен мекеме басшысына ауызша түсіндіріліп, кейін Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес және ұжым қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 9 қаңтар күні Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының атына «Шалқыма мәдениет үйі» КМҚК-нда мүдделер қақтығысы орын алып отырғандығы жөнінде және аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға; лауазымдық міндеттерін өзгертуге; мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндеуге заңға сәйкес тиісті шара алуы мәлімделген қызметтік жазба (№1) жолдады.

    2026 жылғы 16 қаңтар күні Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері арасында «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлеріне жаңадан тағайындалған басшыларды таныстыру, кадр мәселесі және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы» жиыны өкізілді (хаттама №2).

    Хаттамамен «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы «Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу» атап көрсетілген мәселер бойынша шараның алдын алып, қорытынды шығару» тапсырмасы берілді.

    Нәтижесінде (2026 жылы 01 шілде Бұйрық№48) «Жалғансай ауылдық «Шалқыма мәдениет үйі» КМҚК-нда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мақсатында мекеменің әдіскері Г.Нұрбаева өз еркімен жұмыстан босатылды.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында барлық мекемелердегі кадрлық құрам зерделеніп, мүдделер қақтығысының туындау ықтималдығына талдау жасалды.

    Зерделеу нәтижесінде мүдделер қақтығысына алып келуі мүмкін жағдай анықталды. Атап айтқанда, мекемеде бір отбасы мүшелері – әкесі мен балалары бір ұйымда еңбек қызметін жүзеге асыратыны белгілі болды. Олар «Сарытоғай ауылдық мәдениет үй» ҚМҚК басшысы Рысқали Жұмабаев және аталған мекеме электригі Нұрғали Жұмабаев.

    Аталған қызметкерлердің арасында тікелей бағыныстылық немесе бақылау-қадағалау функцияларының бар-жоғы қосымша зерделеніп, қазіргі уақытта олардың қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында жеке мүдделер мен қызметтік міндеттердің қайшылығына әкелетін нақты фактілер анықталған жоқ.

    Сонымен қатар, алдағы уақытта мүдделер қақтығысының туындау тәуекелдерін болдырмау мақсатында кадрлық шешімдер қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.

    Аталған жағдай анықталғанға дейін мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу жөнінде жиындар өткізілді және тиісті ескертулер берілді.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында, Махамбет аудандық орталық кітапханасында мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

    1. Мемлекеттік сатып алу

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі, ауылдық мәдениет үйлерінде және Махамбет аудандық орталық кітапханасы мекемелерінде барлық әкімшілік рәсімдердің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету бойынша жүйелі міндеттерді іске асырады. Есептіліктің барлық нысандары (статистика, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті платформаларда электрондық нысанда уақытылы ұсынылады.

    Мемлекеттік сатып алу 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу» Заңында белгіленген тәртіппен электрондық форматта ғана жүзеге асырылады. Процестің жариялығы мен қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру үшін мекеменің Мемлекеттік сатып алу жоспары Веб – порталда орналастырылады. Жылдық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар айына 2 рет енгізіледі.

    Есепті кезеңде аудандық «Өнерпаз» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында ( мәдениет үйінде) барлығы 86 шарт жасалды:

    Баға ұсыныстарға сұраным тәсілімен 48 сатып алу;

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен 2сатып алу;

    Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 19 сатып алу;

    Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілімен 16 сатып алу;

    Ашық конкурс тәсілімен 1 сатып алу (шарттары жасалды).

    «Махамбет аудандық орталық кітапханасы»мемлекеттік мекемесінде барлығы 52 шарт жасалды:

    Баға ұсыныстарға сұраным тәсілімен 29 сатып алу;

    Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 17 сатып алу;

    Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілімен 6 сатып алу (шарттары жасалды).

    2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығында көрсетілген Мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділік анықталмады.

    Есепті кезеңде ауылдық мәдениет үйлерікоммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында жасалған мемлекеттік сатып алулар шарттары:

    №

    Мәдениет үйлері

    Баға ұсыныстарға сұраным тәсілі

    Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілі

    Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілі

    Электронды дүкен тәсілі

    Ашық конкурс тәсілі

    1

    Сарайшық ауылдық мәдениет үйі

    14

    2

    -

    -

    -

    2

    Талдыкөл ауылдық мәдениет үйі

    11

    1

    -

    -

    -

    3

    Сарытоғай ауылдық мәдениет үйі

    19

    2

    1

    2

    -

    4

    Алға ауылдық мәдениет үйі

    14

    8

    5

    -

    1

    5

    Ақтоғай ауылдық мәдениет үйі

    37

    15

    7

    -

    3

    6

    Ақжайық ауылдық мәдениет үйі

    20

    15

    5

    6

    2

    7

    Бақсай ауылдық мәдениет үйі

    9

    7

    7

    -

    2

    8

    Ортақшыл ауылдық «Самал» мәдениет үйі

    7

    6

    2

    -

    2

    9

    Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйі

    24

    13

    3

    -

    2

    10

    Бейбарыс ауылдық «Жасдәурен» мәдениет үйі

    10

    3

    1

    -

    3

    11

    Есбол ауылдық клубы

    -

    -

    -

    -

    -

    1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында, Махамбет аудандық орталық кітапханасында рұқсат беру функциялары жоқ.

    1. Мекемге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

    Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығында Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлеріне және аудандық орталық кітапханаға заңды және жеке тұлғалардан барлығы 26 өтініш келіп түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді. Неізгі өтініштер қайырымдылық көрсету, заңды тұлғалардан кітап алу туралы өтініштер түскен.

    1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

    Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйлері коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары мекемелерінде және Махамбет аудандық орталық кітапханасында Әдеп Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

    Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

    І.Кіріспе

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №13, электронды пошта:[email protected] телефон нөмірі 871(236)21052.
    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

    басталды - 2026 жылғы шілде, аяқталды -2026 жылғы 27 шілде

    1. Бақыланатын кезең:2025 жылғы 1 маусым - 2026 жылғы 31 мамыр аралығы.

    ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

    Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

    ІІІ. Қорытынды бөлімі

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

    1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізу;
    2. Бөлім қызметкерлерінің және бөлімге қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен аудандық орталық кітапхана КМҚК қызметкерлерінің функционалды міндеттерін орындау кезінде тұрақты негізде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлық стандарттарын сақтау;
    3. «Мемлекеттік сатып алу» ҚР Заңдарының, Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекстің («Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу кезінде) нормаларының мүлткісіз сақталуын қамтамасыз ету;

    Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

    және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Саменова

    Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

    және спорт бөлімінің бас маман- есепшісі К.Ешекенова

    Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

    және спорт бөлімінің бас маманы А.Абуталина

    Жүктеу
    656a58a8fb00cd81b485b7c7c3e42c38_original.3038041.PDF
    PDF · 2,9 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 2 - тармағының 4, 5 - тармақшаларына, Қазақстан...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельд...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млн адамға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі азаматтар – 8,79 млн адам (42,9%), 25 жастан 65 жасқа дейінгілер – 9,73 млн адам (47,5%), 65 жаст...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялықкіріс алынды 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталға...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі?

    Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқ...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады?

    Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспек...

    Махамбет ауданының әкімдігіЖарияланды: