Зеренді ауданы әкімдігініңжергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Зеренді ауылы 2026 жылғы 01 шілде
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ аудан әкімінің 2026 жылғы 18 мамырдағы №30 өкіміне сәйкес жұмыс тобы Зеренді ауданы әкімдігінің жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне төмендегі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:
Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 1–30 маусым.
Талдауға алынған кезең: 2025 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ақпараттарды жинақтау, талдау жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелерін, құқықтық статистика деректерін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және заңмен шектелмеген өзге де ақпараттарды бағалау арқылы жүргізілді.
2026 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау төмендегі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Ермек Қуандықұлы Дәукенов– Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы;
Қайрат Досымұлы Ауғалиев– Зеренді аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Ұлыбала Омашқызы Жүсіпова– Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
Айнагүл Қатекқызы Камиева– Зеренді ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
Айнагүл Отызбайқызы Оспанова– Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы;
Жанна Бауыржанқызы Ибраимова– Зеренді ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы;
Шолпан Сексенбайқызы Садуақасова– Зеренді ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Абылай Ерболұлы Құрманғожин– Зеренді ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.
- «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі
Бөлім өз қызметін Зеренді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/54 қаулысымен бекітілген «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы – әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру, аудан деңгейінде тұрақты экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ аудан бюджетін атқару, коммуналдық меншік объектілерін, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалану кезінде операциялардың ашықтығын, уақтылы орындалуын, дұрыс есепке алынуын және сенімді бақылауын қамтамасыз ету арқылы Зеренді ауданы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында төмендегілер анықталды.
- Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Тексеру барысында «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтыны анықталды.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаттамасы:
Талдау кезеңінде бөліммен 1 нормативтік құқықтық акт әзірленген:
«Зеренді ауданының шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № А-5/326 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде №5475 болып мемлекеттік тіркеуден өткен.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:
Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер уақытылы енгізілмеген, бұл өзгерістердің дер кезінде енгізілмеуі анықталған жағдайда халық тарапынан теріс пікірдің қалыптасуына алып келуі мүмкін.
Ұсыным:
Нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізіп, өзгерістерді уақтылы енгізуді қамтамасыз ету.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаттамасы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша өткен (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану мәселелері туралы» қаулысының 28-тармағына сәйкес мемлекет меншігіне өткен жер учаскелері белгіленген тәртіппен есепке алынуға тиіс.
Алайда Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі екі жылдан астам уақыт бойы аталған жер учаскелерін балансына қабылдамаған және олар арнайы мемлекеттік қорға енгізілмеген.
Бөлім коммуналдық меншікке тек жылжымайтын мүлік объектілерін қабылдап келген, ал жер учаскелеріне қатысты мәселелерді Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің құзыретіне жатқызған.
1)Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: Коммуналдық меншікке қабылдау туралы қаулының уақытылы қабылданбауы салдарынан мүлік белгісіз құқықтық мәртебеде қалып қоюы мүмкін. Бұл жағдай лауазымды тұлғалардың жер учаскесін немесе ондағы мүлікті жеке мүдделеріне пайдалануына, конкурс рәсімдерін айналып өтіп, жалға беруіне немесе үлестес тұлғаларға беруіне мүмкіндік туғызады.
2)Ұсыным: Коммуналдық меншікке қабылдау туралы қаулыларды уақытылы қабылдауды қамтамасыз ету,аталған функцияны нақты мемлекеттік органға бекітіп беру.
- 2. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Штат саны – 14 бірлік, оның ішінде 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 8 бірлік қана толықтырылған.
Құрылымында 4 сектор бар. Штаттық кестеде: бөлім басшысы – 1;
сектор меңгерушісі – 4; бас маман – 9. Теріс себептермен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімдерде барлық қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау туралы міндеттемелерге қол қойған және жыл сайын кірістері туралы декларация тапсырады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол берілмеген.
Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
- Бос лауазымдарға конкурс өткізу
Талдау кезеңінде бала күтіміне байланысты демалыста болған негізгі қызметкердің орнына уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жарияланған.
Кадр мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
- Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және бюджеттік қаражатты игеру
Бөлімде мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу жоспарлары мен шарттар тізілімі мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы орналастырылады.
2025 жылы 66 негізгі шарт жасалды; 3 қосымша келісім жасалған, жалпы сомасы 23 259,1 мың теңгеге: Оның ішінде: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 32; өткізілмеген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бір көзден – 13; тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден – 24.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2025 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне мемлекеттік функцияларды іске асыру үшін 23 259,2 мың теңге бөлініп, оның 23 259,1 мың теңгесі, яғни 100 %-ы игерілген.
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Талдау кезеңінде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 34 өтініш келіп түсті.
Бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдар түскен жоқ.
Өтініштер мен оларға берілген жауаптарды зерделеу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету
Бөлім мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді.
2025 жылы барлығы 159 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0;
электрондық үкімет порталы арқылы – 159;
көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланыс жасап, өтінімді қолмен енгізу арқылы – 0.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері тіркелмеген.
Тексеру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде белгіленген талаптардың сақталмауы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ.
Нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету жағдайлары анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің тәртібін бұзу фактілері орын алмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптары мен жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілер арасында қайшылықтар анықталған жоқ.
Компьютерлік техника Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №322/НҚ бұйрығымен бекітілген бірыңғай жұмыс орнына қойылатын талаптарға сәйкес жаңартылған.
2025 жылы: 3 моноблок; 6 компьютер жиынтығы; 2 принтер сатып алынған.
Жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданбай тұрып мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының күшін жою жағдайлары болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың негізсіз ұзаққа созылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің барлық 2 түрі бойынша пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің жұмысы тұрақты жолға қойылған.
Бөлімде жасырын мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Қорытынды және ұсыным жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша бөлімге мынадай ұсыным беріледі:
Ұсынылады:
- Нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізіп, заңнамадағы өзгерістерге сәйкес оларға уақтылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
- «Шығыстардың басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы» қаулыға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
- «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Зеренді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № А-3/171 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы – ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде төмендегілер анықталды:
- Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Тексеру барысында «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтыны анықталды.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаттамасы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша өткен (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану мәселелері туралы» қаулысының 28-тармағына сәйкес мемлекет меншігіне өткен жер учаскелері белгіленген тәртіппен есепке алынуға тиіс.
Алайда Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі екі жылдан астам уақыт бойы аталған жер учаскелерін балансына қабылдамаған және олар арнайы мемлекеттік қорға енгізілмеген.
Бөлім коммуналдық меншікке тек жылжымайтын мүлік объектілерін қабылдап келген, ал жер учаскелеріне қатысты мәселелерді Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің құзыретіне жатқызған.
1)Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: Коммуналдық меншікке қабылдау туралы қаулының уақытылы қабылданбауы салдарынан мүлік белгісіз құқықтық мәртебеде қалып қоюы мүмкін. Бұл жағдай лауазымды тұлғалардың жер учаскесін немесе ондағы мүлікті жеке мүдделеріне пайдалануына, конкурс рәсімдерін айналып өтіп, жалға беруіне немесе үлестес тұлғаларға беруіне мүмкіндік туғызады.
2)Ұсыным:Коммуналдық меншікке қабылдау туралы қаулыларды уақытылы қабылдауды қамтамасыз ету,аталған функцияны нақты мемлекеттік органға бекітіп беру.
- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлімнің нақты штат саны 6 мемлекеттік қызметшіден тұрады, оның ішінде:
бөлім басшысы – 1; сектор меңгерушісі – 2; бас маман – 3; шарт негізінде жұмыс істейтін маман – 1; бос лауазым – 2.
Барлық қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін белгіленген біліктілік талаптарына және бөлім басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес орындайды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған; Тәртіптік кеңестің шешімі бойынша жауапкершілікке тартылған;
теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.
Бір бөлімде бірге жұмыс істейтін жақын туыстар анықталған жоқ.
Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
Барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтайды.
- Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтің 14 түрін көрсетеді.
2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында барлығы 377 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 377;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы түпкілікті шешім беру – 0;
бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру – 0.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін зерделеу барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні – мемлекеттік қызмет көрсету сапасы.
Бөлім мемлекеттік қызметтерді бекітілген қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерге сәйкес көрсетеді.
Бөлім мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді.
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру»
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.
- Тракторлар мен өздігінен жүретін техниканы мемлекеттік тіркеу
Бұл мемлекеттік қызметке мыналар жатады: мемлекеттік тіркеу; қайта тіркеу; есептен шығару; тіркеу құжатын (дубликатын) беру; мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру. Қызмет: ақылы негізде; жеке және заңды тұлғаларға; электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.
2025 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 562 қызмет көрсетілген.
- Тракторлар мен өздігінен жүретін техниканы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу Қызмет: тегін; жеке және заңды тұлғаларға; электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.
2025 жылы 191 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
- Тракторлар мен өздігінен жүретін техниканың кепілін мемлекеттік тіркеу (немесе тіркеуден шығару) Қызмет: ақылы негізде; жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі, электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.
2025 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 80 қызмет көрсетілген.
- Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
Ішкі талдау барысында лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер: электрондық үкімет порталы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы көрсетіледі. Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған ақпараттық стенд бар.
Бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша статистикалық есептілікті уақтылы ұсынады. Сапалы әрі уақтылы ақпарат беру үшін жауапты маманға дербес жауапкершілік жүктелген.
Бөлімде: жұмыс үстелі; компьютер; көпфункциялы құрылғы (принтер, сканер); веб-камера; картриждермен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.
Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтаған жоқ.
2025 жылы барлығы 1 363 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Бөлім мамандары бекітілген жоспарға сәйкес әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
- Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында төмендегілер анықталды.
ТӘУЕКЕЛ: 2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің « Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы прокуратураның №2-0214-25-01036 ұсынуы келіп түсті.
2022 жылғы 13 маусымда «Феникс 999» ЖШС мен «Зеренді ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ арасында №157 уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарт жасалған (кадастрлық нөмірі 01-160-044-1198).
Алайда Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабында заңды тұлғаларға бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін беру нормалары көзделмеген.
Жер кодексінің 50-бабының 2-1-тармағына сәйкес бақша шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері тек азаматтарға беріледі.
Сол сияқты Жер кодексінің 102-бабының 3-тармағында да бақша шаруашылығына арналған жерлерді тек азаматтарға беру қарастырылған.
Жер кодексінің 37-бабының 5-тармағына сәйкес заңды тұлғаларға бақша шаруашылығын жүргізу үшін ақылы жер пайдалану құқығының өзі көзделмеген.
Осыған байланысты Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы заңды тұлғаларға емес, тек азаматтарға қатысты қолданылады.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабы 2-1-тармағының талаптарын бұза отырып, бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін заңды тұлғаға беру.
2) Ұсыным:Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету және заңда көзделмеген негіздер бойынша заңды тұлғаларға бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін беру фактілеріне жол бермеу.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
2025 жылы бөлімде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес 226 өтініш тіркелген, оның ішінде:
қолайлы әкімшілік актілер – 77;
ауыртпалық салатын әкімшілік актілер – 1;
өтініш иесіне жауап берілген – 83;
өтініштің кері қайтарып алынуына немесе өзге де негіздерге байланысты қарау тоқтатылған – 62;
есепті кезең соңындағы қалдық – 3.
Өтініштерді тіркеу, шешім қабылдау және қарау мерзімдерін сақтау барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
2025 жылғы жер учаскелерін жалға беру шарттарын тіркеу кітабына сәйкес бөлім 355 жалдау шартын жасаған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:
1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабы 2-1-тармағының талаптарын бұза отырып, бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін заңды тұлғаға беру.
2) Ұсыным:Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету және заңда көзделмеген негіздер бойынша заңды тұлғаларға бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін беру фактілеріне жол бермеу.
- Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы қаулыларды уақтылы қабылдауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында коммуналдық меншікке объектілерді, оның ішінде жер учаскелерін қабылдау және беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді нақты бөлуді қарастыру ұсынылады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс тобы ұсынады:
- Нормативтік құқықтық актілерге уақтылы мониторинг жүргізіп, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
- Зеренді ауданы бойынша «Шығыстардың басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 1 шілдедегі № А-5/326 қаулысына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өзгерістер енгізу.
- Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы қаулыларды нақтылы қабылдауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында коммуналдық меншікке объектілерді, оның ішінде жер учаскелерін қабылдау және беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасында функциялар мен өкілеттіктерді нақты бөлуді қарастыру.
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасы талаптарына сәйкес құқық қолдану практикасын келтіру және заңда көзделмеген негіздер бойынша заңды тұлғаларға бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін
жер учаскелерін беру фактілерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау.
Жұмыс тобының төрағасы Е.Қ. Дәукенов
Жұмыс тобының мүшелері:
Қ.Д. Ауғалиев
Ұ.О. Жүсіпова
А.Қ. Камиева
А.О. Оспанова
Ж.Б. Ибраимова
Ш.С. Садуақасова
А.Е. Құрманғожин