Хабарлама
2026 жылғы 19 шілдеде өткен Ақмола облысы Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округі мен Айдабол ауылы әкімдерін тіркеу туралы Зеренді аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2026 жылғы 22 шілдедегі шешімімен:
2026 жылдың 19 шілдесінде сайланған Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің әкімі етіп Ғайсин Манарбек Назымбекұлын тіркеді.
2026 жылдың 19 шілдесінде сайланған Зеренді ауданы Айдабол ауылының әкімі етіп Водовозов Николай Николаевичті тіркеді.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы