Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Нұра ауданының әкімдігі

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.

    Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.

    Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

    Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.

    «Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Жүктеу
    e76fada6a55908ae5293d59a24e71da6_original.576316.docx
    DOCX · 563 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарлама 2026 жылы 12 шілдеде өткен сайлау қорытындылары бойынша Нұра ауданы ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерін тіркеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, №№ 516, 517, 518, 519, 526 учаскелік сайлау комиссияларының және Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссияс...

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау қорытындылары

    Қарағанды облысы Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Нұра ауданының Нұра кенті әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы 2026 жылғы 12 маусымда Нұра ауданының Нұра кентінің әкімін сайлау өтті...

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарлама 2026 жылы «12» шілдеде өткен сайлау қорытындылары бойынша Нұра ауданы ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерін тіркеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, №№ 516, 517, 518, 519, 526 учаскелік сайлау комиссияларының және Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссияс...

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Заң

    Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2026 жылғы 5 маусымдағы № 297-VIII ҚРЗ

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

    1. Белгіленген қызметтің бастамашысы туралы мәліметтер:жеке тұлға үшін:тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерініңмекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефоны, элек...

    Нұра ауданының әкімдігіЖарияланды: