Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    ·

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.

    Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.

    Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.

    Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.


    Жүктеу
    b41cc78eff817a34415f2855b29d5b75_original.64042.jpeg
    JPEG · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекетті...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ 2026-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ Қаратөбе 2025

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талдамалық анықтама 2026 жылдың ІІ- жартыжылдығы

    Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талдамалық анықтама Жалпы ақпарат 2026 жылдың ІІ- жартыжылдығында 1704қызмет көрсетілді. Соның ішінде, көрсетілетін...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып жатырған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпарат

    Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып жатырған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпарат № Бюджеттік бағдаралама әкімшісінің атауыӘлеумет...

    Жарияланды:
    Есеп

    Аудандық экономика және қаржы бөлімі 2026 жылдың 1-ші шілдесіне жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Қаратөбе ауданы әкімдігінің2025 жылғы "29" қазандағы № 175 қаулысына қосымша Қаратөбе ауданы әкімдігінің2014 жылғы "29" қыркүйектегі№ 147 қаулысына қосымша Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Елді м...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына үміткерлер мен олардың сенім өкілдерінің Қаратөбе ауданының аумағындағы сайлаушылармен кездесу өткізу орындары және кестесі

    Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына үміткерлер мен олардың сенім өкілдерінің Қаратөбе ауданының аумағындағы сайлаушылармен кездесу өткізу орындары және кестесі № Елді мекен атауы Өткізу орны Өткізілетін к...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Хаттама №2

    Жарияланды: