Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Қаратөбе ауданының әкімдігі

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.

    Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.

    Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

    Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.

    «Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Аудандық экономика және қаржы бөлімі 2026 жылдың 1-ші тамызына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді

    Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді Жеке куәлік пен төлқұжат алу – қазақстандықтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын миллиондаған азамат осы құж...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қаратөбе ауданында азаматтарды көшпелі қабылдау

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қаратөбе ауданы бойынша ІІ тоқсаннан бері жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі

    Қаратөбе ауданы бойынша ІІ тоқсаннан бері жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі № Аты – жөні Жер учаскесін беру негізі Нысаналы мақсаты Алаңы Орналасқан жері Құқық түрі Жалға алу мерзімі 1 «Қаратөбе ауданының тұрғын үй...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қаратөбе ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын өткізу уақыты мен дауыс беру орындары туралы ХАБАРЛАМА

    Қаратөбеауданы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын өткізу уақыты мен дауыс беру орындарытуралы ХАБАРЛАМА № Сайлау учаскесі атауы, номері Орналасқан жері Уақыты 1 №267 сайлау учаскесі Аққозы...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурстың қорытындысы. Хаттама 2

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурстың қорытындысы. Хаттама 1

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХҚКО-да күтусіз: жаңа сервис келуді алдын ала жоспарлауға көмектеседі

    ХҚКО-да күтусіз: жаңа сервис келуді алдын ала жоспарлауға көмектеседі Орал қаласының тұрғындары «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электрондық кезектің қозғалысын нақты уақыт режимінд...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды: