Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

    Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

    Соңғы уақытта БЖЗҚ бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болды. Алаяқтар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, бірнеше жыл еңбек өтілі зейнетақы есептеу кезінде ескерілмей қалғанын айтып, соның негізінде зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтатын көрінеді.

    Алаяқтар қалай әрекет етеді?

    Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар.

    Маңызды ескерту!

    БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайды, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. БЖЗҚ барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.

    Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін.

    Өзіңізді қалай қорғауға болады?

    ∙ SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.

    ∙ Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.

    ∙ Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)

    ∙ Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

    Қырағы болып, жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алаяқтардың әрекетінен қорғаңыз!

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы құрылтайы бойынша сайлаушылармен КЕЗДЕСУ КЕСТЕСІ

    Кент, ауылдық округ атауы Өткізілетін орны, мекен-жайы Майлыкент ауылдық округі Аудандық мәдениет үйі. Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205 Ақбиік ауылдық округі Ақбиік ауылдық клубы. Ақбиік ауылы, Сәулетбек көшесі №8...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Құрылтай бойынша Түлкібас ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Түлкібас кенті Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің аумағында Түлкібас кенті Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің аумағында Түлкібас кенті П.Шевцов атындағы жалпы орта мектебінің аумағында Көктерек ауылы «Көкте...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Заявление о намечаемой деятельности

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, елдің зейнетақы жүйесінде шешуші рөл атқарады. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық ф...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: