Мәслихаттың 2026 жылғы 30 маусымдағы № 292 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 30 маусымдағы № 292 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 13), 14) және 15)-тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«13) цифрлық құжаттар сервисі - «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын цифрлық объект;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
10, 11- тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады.
Цифрлық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында және 4) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдар, бірінші рет өтініш білдіргендер, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдар, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және оны алып жүретін адамға санаторийлік-курорттық ұйым берген тұру және тамақтану ақысын төлегенін растайтын құжаттарды, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер куәландырған рецептуралық бланкінің көшірмесін, ағымдағы күнтізбелік жылы берілген кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген адамдар медициналық ұйым берген қызмет көрсетуді (жедел емдеуді) растайтын құжаттарды, кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар оқу фактісін және оның құнын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген адамдар оңалту фактісін, билет құнының мөлшерін растайтын құжаттарды және /немесе өзге де төлем құжатын ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына), не оның мүлкіне зиян келуі фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдар өрт, өрттің салдарын жою салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдар баланың адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыру фактісін растайтын медициналық ұйымның құжатын ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген адамдар туберкулез ауруының бар екендігін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттарды ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.»;
13, 14, 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
- Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылар (белсенді) болып табылатын азаматтардың деректерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақылар мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақыларын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
- Әлеуметтік көмек төлемін Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру процесіне, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Үлгілік қағидалардың 28-32-тармақтарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы өзі шешім қабылдаған кезде бастамашылық етеді.».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |