2026 жыл ІІ квартал есебі

    Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы

    Басқармамен 2026 жылғы 1-тоқсанында жалпы саны 53 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 53 мемлекетік қызметтің қызметтің 33 жеке тұлғаларға, ал 20 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді.

    Аталған кезеңде көрсетілген 53 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 99 % (пайыз) құрап отыр.

    Көрсетілген 53 мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 17 мемлекеттік қызмет электрондық түрде, 1 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді, 35 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар:

    «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -33қызмет (облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кірмейді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, қала шекарасының (шегі) шебінде және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта жер қатынастарын реттеу облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жататындықтан);

    «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» - 2 қызмет (ҚР АШМ 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығына сәйкес келмейді);

    Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.

    Өтініштерді уақытылы өндеу және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақытылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын жүргізіледі.

    Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Басқарма мамандарымен мемлекеттік қызметтер қазіргі заң талаптарының нормаларына сәйкес көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің лауазымдық біліктілігін арттыру бойынша I-тоқсанда 1 бас маман біліктілігін арттырды.

    Мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына және барлық әлеуметтік желілерге орналастыру, аудандарға барып түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

    Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

    Жүктеу
    632105a8ef30d2396fd468056bebbc35_original.16444.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жыл І квартал есебі

    Басқармамен 2026 жылғы І-тоқсанында жалпы саны53 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 53мемлекетік қызметтің қызметтің 33 жеке тұлғаларға, ал 20 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді. Аталған кезеңде көрсетілген...

    Хаттама

    2026 жылғы 14 шілдеде Байғанин ауданы бойынша өткізілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың хаттамалық шешімі

    Хаттама

    Облыстық жер комиссиясының 2026 жылғы маусым айындағы хаттамалық шешімдері

    Бюджет

    «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

    Хаттама

    Облыстық жер комиссиясының 2026 жылғы шілде айындағы хаттамалық шешімдері

    Хаттама

    2026 жылғы 27 ақпанда Байғанин ауданы бойынша өткізілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың хаттамалық шешімі