Аудан әкімдігінің қаулы жобасы
Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17-бабының 5-1 тармақшасын және 69-бабы 4-тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа алып, «KMG PetroChem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерге орналастыру жобасы негізінде және «KMG PetroChem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 01 маусымдағы №09-05/710 өтініші негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «KMG PetroChem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданы аумағында магистральдық құбырларды (этан,пропан) бірыңғай дәлізде жобалау,салу және пайдалану мақсатында жалпы ауданы 769,8175 га жер учаскесін 2048 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашадағы №158 «KMG PetroChem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б.Әбуовке жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Мамбетов
Орындаған:А.Сарсенғалиев
17.07.2026 ж